Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ

 

Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі, Қазақстан Республикасы Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының 2014 жылғы 29 шілдедегі №300 «Спорттық атақтар, разрядтар және біліктілік санаттарын беру және олардан айыру, омырауға тағатын белгілерді беру қағидаларын, сондай-ақ олардың сипаттамасын бекіту туралы» бұйрығына, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 28 қазандағы №56 «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетеді.

Аталған нормативтік құқықтық актілерге сәйкес бөлім «2-разрядты спортшы», «3-разрядты спортшы», «1-жасөспірімдік разрядты спортшы», «2-жасөспірімдік разрядты спортшы», «3-жасөспірімдік разрядты спортшы» спорттық разрядтарын, сондай-ақ «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы-оқытушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», сондай-ақ «спорт төрешісі» біліктілік санаттарын беру жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметті жүзеге асырады.

Мемлекеттік қызмет көрсету «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы жүзеге асырылады.

2025 жылдың есепті кезеңінде аталған мемлекеттік қызмет бойынша 46 қызмет көрсетілді, ал 2024 жылдың есепті кезеңінде 44 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлға- Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің  бас маманы Мұрадым Қайсаев.

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айларында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша атқарған жұмыстары туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
27 января 2026