Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2026 жылғы 25 қаңтарда Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссиясының хаттамасы негізінде сайлау нәтижесін белгіледі:
Дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1106 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 645. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны –18. «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны – 15.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
|
Галиханов Амангелди Галиханович |
- 391 |
|
Өтепов Артур Мухиденұлы |
- 130 |
|
Уаһап Қадірбек Қайырбекұлы |
- 102 |
Бөкейхан ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Галиханов Амангелди Галиханович, 1972 жылы туған, «Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылының тұрғыны сайланды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы