Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар туралы

АҚПАРАТ

 

Құрманғазы ауданы бойынша 2025 жылы барлығы 1421 дана ауыл шаруашылығы техникасы есепте тұр. Оның ішінде 947 дана трактор,                  474 дана тіркеме бар. Ағымдағы жылы 53 дана техника жаңадан тіркеуге алынды. Сонымен қатар, 150 дана мемлекеттік нөмірлік белгі беріліп, 150 дана техникалық паспорт рәсімделді.

Бөлімнің жұмыс жоспары мен кестесі бекітіліп, техникалық инспекция саласындағы «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің                2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/268, 269, 270 бұйрықтарын басшылыққа ала отырып, аталған бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес техникалық жұмыстардың есебі жүргізілді. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қабылданып, мемлекеттік қызметтер «Е-лицензиялау» және ГРСТ ақпараттық жүйелері арқылы көрсетілді.

Аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінде бірқатар жүйелі жұмыстар атқарылуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында бөлім қызметкерлеріне арналған мемлекеттік қызметшілердің этикалық нормалары туралы ақпараттық стендтер орнатылды.

Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес бөлім тарапынан көрсетілетін 4 мемлекеттік қызмет аудан әкімдігі жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимаратында жүзеге асырылды.

2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айлары аралығында барлығы                            363 мемлекеттік қызмет көрсетілді, оның ішінде:

Атап айтатын болсақ;

1."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" -75 қызмет;

      2."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"– 150 қызмет;

3."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу" - 136 қызмет;

4."Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" - 2 қызмет;

Атқарылған жұмыстарды бақылау мақсатында бақылау журналы ашылды. Бөлім басшысының 2-07-47 нөмірлі телефоны сенім телефоны ретінде қызмет атқарады. Аудандық «Серпер» газетінің 2025 жылғы 22 қаңтардағы санында «Техникалық байқау» тақырыбында мақала жарияланды. Сонымен қатар, бөлімнің ресми Facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында 2025 жылы әртүрлі бағыттағы 5 ақпараттық материал мен бейнеролик орналастырылды.

2025 жылдың І жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бөлімнің ресми интернет-ресурсында жарияланды.

Мекемеде азаматтардың арыз-шағымдарын қабылдауға арналған жәшіктер көрнекі орындарға орналастырылып, сенім телефоны тұрақты жұмыс істеуде.

Бөлімде кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы салалары бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің стандарттары мен регламенттері ақпараттық тақтайшаларда орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында азаматтардың өтініштері мен арыздары уақытылы қаралып, ай сайын тиісті есептер ұсынылып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты арыз-шағымдар тіркелген жоқ.

Бөлімнің барлық қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылып, оның орындалуы тұрақты бақылауда.

 

Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі бойынша 2025 жылдың қаңтар–желтоқсан айларында атқарылған жұмыстар туралы АҚПАРАТ
Дата публикации
20 января 2026