Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы  Бөкейхан ауылдық округі әкімінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағының 2) тармақшасы,                         3-тармағына  және  Құрманғазы ауданы әкімінің 12.12.2025 жылғы №421-Ө   өкіміне сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы             ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2026 жылғы 25 қаңтарға Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2026 жылғы 25 қаңтарға тағайындалған Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға

   Б. Габдулов

 

 

Хатшы

   Ж.Орынбасаров

                                               

 

 

 

 

Құрманғазы ауылы

17 желтоқсан 2025 жыл.

№11

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
17 декабря 2025