Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының ҚАУЛЫСЫ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы Бөкейхан

ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабының  6) тармақшасына,      21-бабының 4 тармағына, 22-бабының 2 тармағына сәйкес Құрманғазы  аудандық  аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округінің шекарасында Бөкейхан ауылдық округі әкімін сайлау бойынша сайлау округі құрылсын.
  2. Сайлау округінің тізімі мен шекарасы және аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын

 

                                     

Төраға

 

Б.Габдулов

 

Хатшы

 

Ж.Орынбасаров

         

                  

 

 

Құрманғазы ауылы

17 желтоқсан 2025 жыл.

№10

Құрманғазы ауданы Бөкейхан ауылдық округі әкімінің сайлауы бойынша сайлау округін құру туралы
Дата публикации
17 декабря 2025