Сафон ауылдық округінің тұрғындары мен жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жиналысының хаттамасы №5
Сафон ауылы «24» қараша 2025жыл сағат 15:00
Жиналысқа қатысуға тиісті қоғамдастық мүшелерінің саны - 11 адам
Қатысқаны - 10 адам.
1қоғамдастық мүшесі дәлелді себеппен қатысқан жоқ.
Жиналысты округ әкімі Е.Сатылганов ашып, күн тәртібін және төраға мен хатшысын сайлап, бекітуді ұсынды.
Жиналыс төрағасы С.Камзаев, хатшысы Е.Абулхасимов ұсынылды. Жиналыс төрағасы: С.Камзаев
Жиналыс хатшысы: Е.Абулхасимов
Бірауыздан мақұлданды.
Күн тәртібінде:
1.Сафон ауылдық округінің атауын өзгерту, Сафон ауылының атауын өзгерту.
Тыңдалды:
Е.Сатылганов-округ әкімі Сафон ауылдық округінің атауын өзгерту,Сафон ауылының атауын өзгерту мәселесіне байланысты жиналысқа округ тұрғындарының 16% қатысқанын атап өтілді. Жиналыстың негізгі мақсаты–Сафон ауылдық округінің, Сафон ауылының атауын өзгерту туралы шешім қабылдау үшін қоғамдастық мүшелерінің келісімін алу. Жиналыс барысында атауды өзгерту қажеттілігі түсіндіріліп, қатысушылардан пікірлері мен ұсыныстарын білдіру сұралды.
Жиналыс төрағасы С.Камзаев: Пікір айтуға регламент белгіленіп,пікір айтушыларға 3-7 минут уақыт берілсін. Дауысқа салынып, бірауыздан қабылданды
Сөз сөйлеушілер:
1.Е.Айтимов - қоғамдастық мүшесі, зейнеткер. Елді мекенді қазақша атау өз тілімізге, мәдениетімізге деген зор құрмет әрі тәрбиелік мән бар игі әрекет деп есептеймін.Осыған байланысты ауылымызға «Ынтымақ» атауын ұсынғым келеді.Бұл атауды таңдаудың себебі-талай жылдан бері ауылымызда қалыптасқан өзара қамқорлығымыз, сыйластығымыз және бірлігіміз. Осы қасиеттердің барлығы «Ынтымақ» атауының мән мағынасына толық сәйкес келеді деп ойлаймын. Ұсынысымды ауыл тұрғындары қолдайды деп сенемін.
3.С.Гимранов–қоғамдастық мүшесі, зейнеткер. Қазір елдің ертеңі- бірлігі бекем ұрпақтың уысында. Сондықтан бізде келешек ұрпаққа бірлігімізді дәріптеп, көптен бері келе жатырған өзекті мәселенің мәресіне бүгін жетейік. Өз басым «Ынтымақ» атауын қолдаймын.
4.Х.Темиров – аул тұрғыны зейнеткер, мен өзімде осы атауды қолдаймын және күн тәртібіндегі мәселе бойынша ауыл атауы ретінде «Ынтымақ» атауын бекіту жөнінде ұсыныс енгіземін. Бұл мәселе бұған дейінгі жиналыстарда да талқыланған болатын. «Ынтымақ» атауы – ата-бабаларымыздан ұрпаққа жалғасқан, терең тәрбиелік мағынасы бар құндылық. Қазақ халқының дәстүрлі іс-әрекетінің барлығы да тәрбиелік мәнге ие, үлкендердің айтқан өнегесі мен ақылы осы атауға толықтай сай келеді деп есептеймін.
5.Б.Гумаров–ауыл тұрғыны, зейнеткер. Еліміз Тәуелсіздік алған алғашқы жылдары-ақ ауылдың атын өзгерту жөнінде ұсыныстар көтерілген болатын.Сол кезеңде ауылдың зиялы азаматтары елді мекен атауын «Ынтымақ» деп өзгерту туралы орынды ұсыныс білдірген. Осыған байланысты сол кездегі ел ағаларының пікірін сіздерге жеткізе отырып, ауылымыздың атауын «Ынтымақ» деп өзгерту жөніндегі ұсынысты қолдаймын.
Қатысып отырған қоғамдастық мүшелері жеке өз пікірлерін айтты, өзгеше атауға ұсыныс түскен жоқ.
Барлығы: 5 адам ұсыныс-пікір айтты.
Сөйлеу тоқтатылды.
Жергілікті қоғамдастық мүшелері бірауыздан қолдау білдірді.
Қолдаушылар –10 адам.
Қарсы – жоқ.
Қалыс қалған – жоқ.
Сафон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысы күн тәртібінде берілген ұсыныстарды бір ауыздан мақұлдап, жергілікті қоғамдастық жиналыс шешім етті:
1.Сафон ауылдық округінің атауын «Ынтымақ ауылдық округі» деп, Сафон ауылының атауын «Ынтымақ» ауылы деп өзгертілсін.
2.Жергілікті қоғамдастық жиналысының хаттамасы округ әкіміне жолдансын
Жиналыс төрағасы: С.Камзаев
Жиналыс хатшысы: Е.Абулхасимов
2025 жылы 24 қараша күні Сафон ауылдық округінің жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысқан жергілікті қоғамдастық мүшелерінің тізімі:
|
р/с |
Аты-жөні |
|
1 |
Айтимов Ерсайын |
|
2 |
Лайсов Ерик |
|
3 |
Абулхасимов Ерик |
|
4 |
Шаштенов Трек |
|
5 |
Муратов Есет |
|
6 |
Есенбеков Куаныш |
|
7 |
Камзаев Саламат |
|
8 |
Сапаров Серикжан |
|
9 |
Гимранов Сатыбалды |
|
10 |
Мухтарова Мулкарима |