Қолданыстағы Салық кодексіне әлеуметтік осал санаттарға жататын тұлғалардың бір жолғы зейнетақы төлемі (БЗТ)түріндегі табысына салықшегерімдерін қолдану мерзімдеріне қатысты қандай өзгерістер енгізілді?
Қолданыстағысалықзаңнамасынасәйкестұрғынүйгенемесеемделугебіржолғызейнетақытөлемдерін (БЗТ) пайдаланғанкездежекетабыссалығын (ЖТС) төлеусалымшыныңтаңдауына қалдырылады: БЗТ алғанкездебірденнемесекестебойыншазейнетақытөлемдерінедейінкейінгеқалдыру тәсілі.Сонымен қатар, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап әлеуметтік осал топқа жататын тұлғалардың БЗТ түріндегі салық салынатын табысынастандартты салық шегерімдері (882 АЕК[1] шегінде) қолданылады. Бұл осы санатқа жататын алушылар БЗТ алған күннен бастап үш жыл ішінде ЖТС қайта есептеу мен өтеуді қолдану үшін БЖЗҚ-ға тиісті өтінішпен және растайтын құжаттармен жүгіне алатынын білдіреді. Алайда, БЗТ-ны 2021-2022 жылдары алған адамдар әртүрлі себептермен бұл мүмкіндікті пайдалана алмады. 2025 жылғы 15 шілдеде қолданыстағы Салық кодексіне өзгерістер мен толықтырулардың қабылдануына байланысты жеке тұлғалардың осындай өтініштері үшін белгіленген талап қою мерзімі 3 жылдан 5 жылға дейін ұлғайтылды.
[1]Айлық есептік көрсеткіш