Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар

Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерін тіркегендігі туралы хабарлайды:

 

Азғыр ауылдық округінің әкімі болып Гумаров Арон Кисметович, 1986 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі Балқұдық ауылының тұрғыны тіркелді.

 

Сүйіндік ауылдық округінің әкімі болып Меңдешов Думан Тұрарбекұлы, 1994 жылы туған, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Батырбек ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі Батырбек ауылының тұрғыны тіркелді.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар
Дата публикации
05 ноября 2025