Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
2025 жылғы 2 қарашада Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44-бабына, 113-10-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы Азғыр және Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтижелерін белгіледі:
Азғыр ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1224 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 710. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 58, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 11.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ажгулов Талант Бабажановичке – 59
Галиханов Амангелди Галихановичке – 101
Гумаров Арон Кисметовичке – 516
Азғыр ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Құрманғазы аудандық филиалынан ұсынылған Гумаров Арон Кисметович, 1986 жылы туған, «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Азғыр ауылдық округі Балқұдық ауылының тұрғыны сайланды.
Сүйіндік ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1486 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 814. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 23, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 17.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Ажигереев Мерей Есенгелдиевичке– 139
Есимов Наурызбек Абуовичке – 62
Меңдешов Думан Тұрарбекұлына – 577
Сүйіндік ауылдық округінің әкімі болып «AMANAT» партиясының Құрманғазы аудандық филиалынан ұсынылған Меңдешов Думан Тұрарбекұлы, 1994 жылы туған, «Атырау облысы Білім беру басқармасының Құрманғазы ауданы білім бөлімінің «Батырбек ауылының бастауыш мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің меңгерушісі, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы Сүйіндік ауылдық округі Батырбек ауылының тұрғыны сайланды.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы