Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 19-бабы 8 тармағына сәйкес белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының шығып қалған мүшесінің орнына Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 24 қазандағы №35 шешімімен Бауыржан Габитович Габдулов тағайындалды.
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 10-бабының 3 тармағына сәйкес 2025 жылдың 25 қазан күні Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссия отырысы өткізіліп Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болып Габдулов Бауыржан Габитович сайланды.