Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы                        4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 10 қазандағы  №16, №17 және №18 шешімдерімен Жолдыгулов Ерболсын Куанышович №195 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы, №201  учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Есенбаева Нургул Жардемовна мен Жумарстанова Жумагыз Сагындыковна  комиссия мүшесі міндеттерін орындау уақытша тоқтатылды.

Осы Конституциялық заңның 19-бабының 8 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2025 жылғы 12 қазандағы №19,№20  шешімдерімен Таменов Ергали Алиевич  №201 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі, Казенова Жанаргуль Курметовна  комиссия төрағасының орынбасары болып уақытша тағайындалды.

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Дата публикации
15 октября 2025