«Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

«Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

Құрманғазы ауданы                          2025 жыл  2 қыркүйек

 

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылып,

 «Құрманғазы   мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік аудандық мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

         «Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің  қызметі.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

2025 жылдың 1 тамыз- 1 қыркүйек  аралығы.

         Ақпараттық талдамалық бөлім.

«Құрманғазы ауданының  мәдениет,  тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік  мәдениет, тілдерді дамыту және салауатты өмірді насихаттап, дене шынықтыру мен бұқаралық спортты дамыту салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Бөлімнің қарамағында 49 мәдени мекеме бар.

Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі, өз қызметін 2025 жылғы 20 желтоқсандағы №319 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысы сәйкес атқарады.

1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V  "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы;

2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы;

3) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410- V "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы  іс-қимыл туралы" Заңы;

4) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы;

5) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері турлы" Заңы;

6) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414- V "Еңбек Кодексі".

7) Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы № 207 «Мәдениет туралы» Заңы;

8)  Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151-I «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» заңы;

9) Қазақстан Республикасының 2014 жылғы шілдедегі № 228-V «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңы;

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққы бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қарашадағы №246  Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 4 бірлікті құрайды. 1-бөлім басшысы және       3 бас маман.

  1. Мүдделер қақтығысына байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байласты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

Мемлекеттік қызмет көрсету - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 17 сәуірдегі «Дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес бөлімде мемлекеттік  қызметтер көрсетіледі:

         2-разрядты спортшы, 3-разрядты спортшы, 1- жасөспірімдік разрядты спортшы, 2- жасөспірімдік разрядты спортшы, 3-жасөспірімдік разрядты спортшы спорттық разрядтар, «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер», «біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы», спорт төрешісі біліктілік санаттар;

             Бөлімге 2025 жылдың 7 айында мемлекеттік қызмет көрсету туралы    31 өтініш түсті, өтініштер қаралып, қанағаттанырылды.

  1. Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру – маңдайшаны орналастыру туралы хабарламаларды «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қабылдауды және қарауды жүзеге асырады. 2025 жылдың 7 айында рұқсат сұрау  туралы өтініштер түскен жоқ.
  2. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функциясын іске асырмайды.
  3. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлім басшысының атына е-өтініш ақпараттық жүйесі арқылы  2025 жылдың 7 айында  жеке тұлғадан  ұсыныс -1,  шағым-1, заңды тұлғадан     хабар-2 түсті. Оларға   уақытылы жауап берілді.

Бөлімде 2025 жылдың 7 айы бойынша  294 бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», «Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.

Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

  1. Қаржы –шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 564 665,0 теңге қарастырылды, игерілгені  70 %.

Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

  1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2025 жылдың 7 айы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
  3. Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

         Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-15-97 сенім телефоны орнатылған. 

       Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

          Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Ойыңызды ақшаның жаулауына жол берме»,«Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?» атты жадынамалар ілінді.   

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

         Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін  материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды  ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

 

Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт

бөлімі басшысының міндетін атқарушы                                         А.Мукашев                

 

Аудандық  мәдениет, тілдерді дамыту,

дене шынықтыру және спорт бөлімінің

бас маманы                                                                                               М.Қайсаев

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
25 сентября 2025