Құрманғазы аудандық аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 24 қыркүйектегі
№8 қаулысына қосымша
2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған
Құрманғазы ауданы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын
әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс – шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Құрманғазы ауданы бойынша Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің (бұдан әрі – әкімді) сайлауын тағайындау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкімнің өкілеттік мерзімі аяқталғанға дейін кемінде елу күн бұрын 2025 жылғы 24 қыркүйек (113-1-б. 1-т. 3) тт., 3-т.) |
|
2. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары орналасқан жерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей (22-б. 2-т.) |
|
3. Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күннен 2025 жылғы 4 қазаннан кешіктірмей (13-б. 4-т.) |
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларның құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күннен 2025 жылғы 9 қазаннан кешіктірмей (17-б. 2-т.) |
|
5. Сайлау учаскескелерінің шекаралары туралы мәліметтерді бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы ауданының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күн 2025 жылғы 9 қазаннан дейінгі мерзімде (23-б. 5-т.) |
|
6. Әкім болуға кандидаттар ұсыну |
|
|
|
Белгіленген тәртіппен тіркелген саяси партиялар және өзін-өзі ұсыну тәртібімен азаматтар Егер сайлауды тағайындау кезінде өзгеше белгіленбесе, сайлау тағайындалған күннен кейінгі күні 2025 жылғы 25 қыркүйектен басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 2025 жылдың 7 қазан күні жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады. (113-3-б. 5-т.) |
|
7. Әкім болуға кандидаттардың «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында (бұдан әрі – «Сайлау туралы» Конституциялық заң), «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада қойылатын талаптарға сәйкестігін анықтау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы (4-б.,113-5-б., 11-т. 2)-тт.) |
|
8. Әкім болуға кандидаттардың сенім білдірген адамдарын тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Әкім болуға кандидаттардың «Сайлау туралы» Конституциялық заңда көзделген талаптарға сәйкестігі анықталған күннен бастап (14-б. 8-1 тт., 31-б.) |
|
9. Әкім болуға өзін-өзі ұсыну тәртібімен ұсынылған кандидаттарға қолдап қол жинау үшін қол қою парақтарын беру |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттарды қолдап қол жинауды сенім білдірілген адамдар ұйымдастырады және кандидаттардың осы «Сайлау туралы» Конституциялық заңда, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 36-2 бабында және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамада көзделген талаптарға сәйкестігі тексерілгеннен кейін үш күннен кешіктірілмейтін мерзімде (113-4-б.) |
|
10. Әкім болуға кандидаттарды қолдап жиналған қолдардың дұрыстығын тексеру және тиісті хаттаманы ресімдеу |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы құжаттандыру және паспорттар мен жеке куәліктер беру жөніндегі уәкілетті органның жұмыскерлерін тарта отырып, қол қою парақтары тиісті сайлау комиссияларына тапсырылғаннан кейін үш күндік мерзімде (113-4-б. 8-т.) |
|
11. Жергілікті аткарушы органдардың шотына республикалық бюджет туралы заңда белгіленетін және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын ең төменгі жалақының бір еселенген мөлшерінде сайлау жарнасын енгізуі |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, саяси партиялар (әрбір ұсынылған кандидат үшін) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 2-т.) |
|
12. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну |
|
|
|
Кандидат пен оның жұбайы (зайыбы) Кандидат тіркелгенге дейін (113-5-б. 3-т.) |
|
13. Кандидат және оның жұбайы (зайыбы) декларациялаған активтер мен міндеттемелер туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кірістер органдары Кандидат тіркелген күннен бастап бес күн ішінде (113-5-б. 4-т.) |
|
14. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу және оларға тиісті куәліктер беру |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау күнінен жиырма күн бұрын 2025 жылғы 12 қазанда жергілікті уақытпен сағат он сегізде аяқталады (113-5-б. 14-т.) |
|
15. Әкім болуға кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Кандидаттар тіркелгеннен кейін бесінші күннен кешіктірмей (113-5-б. 9-т.) |
|
16. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды белгілеу және оларды жарақтандыру |
|
|
|
Құрманғазы ауданының әкімдігі және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін (28-б. 6-т.) |
|
17. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Әкім болуға кандидаттар, олардың сенім білдірген адамдары Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 2025 жылғы 12 қазанда жергілікті уақыт бойынша 18:00 де басталып, 1 қарашада жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады (27-б. 2-т.) |
|
18. Әкім болуға кандидаттарға сайлаушылармен кездесулері үшін үй-жайлар беру, кандидаттар мен олардың сенім білдірген адамдарының бөлінген үй-жайларда сайлаушылармен кездесу кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы мен Құрманғазы ауданының әкімдігімен бірлесіп Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.) |
|
19. Әрбір сайлау учаскелері бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін сайлау комиссияларына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Құрманғазы ауданының әкімі 2025 жылғы 13 қазанға дейін дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын (24-б. 5-т.) |
|
20. Сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 18 қазанда дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда (26-б. 1-т.) |
|
21. Сайлаушыларды дауыс беру күні, уақыты және орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен 2025 жылғы 22 қазаннан кешіктірмей (18-б. 5) тт., 38-б. 2-т.) |
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Ерте дегенде үш күн бұрын және сайлаудан кемінде бір күн бұрын 2025 жылғы 30 қазаннан ерте емес және 1 қарашадан кеш емес (37-б. 3-т.) |
|
23. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылғы 2 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (40-б. 1-т.) |
|
24. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 2 қараша күні жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін (38-б. 1-т.) |
|
25. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде әкім сайлауы бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылғы 2 қараша жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады (18-б. 8 т., 43-б.) |
|
26. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесінің үй-жайында жалпы жұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.) |
|
27. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясына жеткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (113-8-б. 1-т.) |
|
28. Әкім сайлауының қорытындысын белгілеу |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлаудан кейін үш күн мерзімнен 2025 жылғы 5 қарашадан кешіктірмей (113-10-б.) |
|
29. Әкім сайлауының қорытындысы туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы 2025 жылғы 8 қарашаға дейін сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей (44-б. 4-т. 3) тт) |
|
30. Сайланған әкімді тіркеу, тиісті куәлік беру |
|
|
|
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап 2025 жылғы 8 қарашаға дейін жеті күн мерзімде Сайланған әкімдерден 2025 жылғы 8 қарашаға дейін жеті күн мерзім ішінде Конституцияға және Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес әкімнің мәртебесімен сыйыспайтын өз міндеттерін доғару туралы жазбаша өтініш алынғаннан кейін (45-б., 46-б. 3-т, 2) тт., 113-11-б. 1-т) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.