Құрманғазы ауданы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы

Құрманғазы ауданы  Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің

сайлауын тағайындау туралы

 

 

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 3) тармақшасы және 3-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2025 жылғы 2 қарашаға Құрманғазы ауданы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 2 қарашаға тағайындалған Құрманғазы ауданы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Төраға орынбасары

   Г.Рахметуллина

 

 

Хатшы

   Ж.Орынбасаров

                                              

 

 

Құрманғазы ауылы

24 қыркүйек 2025 жыл

№8  

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауданы Азғыр, Сүйіндік ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы
Дата публикации
24 сентября 2025