«Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Құрманғазы ауданы 2025 жыл тамыз
Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.
Ажигереев Мерей – аудандық ішкі саясат бөліміның басшысы, топ жетекшісі;
Асқар Елшат - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
Әдебиетов Еркінбек - аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы;
Боранғалиева Жанар - аудандық ішкі саясат бөлімінің статисті.
«Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-бабтарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.
Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:
«Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:
2025 жылдың 1 тамыз мен 1 қыркүйек айы аралығы.
Ақпараттық талдамалық бөлім.
«Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің қарамағында Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығы бар.
Аудандық ішкі саясат бөлімі, өз қызметін 2024 жылғы 20 желтоқсандағы №316 «Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы қаулысына сәйкес атқарады.
1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:
1) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V "Мемлекеттік қызмет туралы" Заңы;
2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 "Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы" Заңы;
3) Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі №451 "Бұқаралық ақпарат құралдары туралы" Заңы;
4) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы №508 "Жарнама туралы" Заңы;
5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410- V "Сыбайлас жемқорлыққа іс-қимыл туралы" Заңы;
6) Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі №36 "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заңы;
7) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы №142 "Коммерциялық емес ұйымдар туралы" Заңы;
8) Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы №3 "Қоғамдық бірлестіктер туралы" Заңы;
9) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы;
10) Қазақстан Республикасының Заңы 2020 жылғы 25 мамырдағы №333- VІ "Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстарды ұйымдастыру және өткізу тәртібі туралы" Заңы;
11) Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 29 желтоқсандағы №939 "Мемлекеттік әкімшілік қызметшілерге пилоттық режимде еңбекақы төлеудің кейбір мәселелері турлы" Заңы;
12) 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының №414- V "Еңбек Кодексі".
Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққы бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 15 қарашадағы №246 Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 3 бірлікті құрайды. 1-бөлім басшысы және 2 бас маман.
Бөлімі мемлекеттік қызмет көрспейді.
4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функцияларын іске асырылмайды.
Бөлім басшысының атына 2025 жылдың 8 айында жеке тұлғадан арыз түскен жоқ.
Бөлімде 2025 жылдың 8 айы бойынша 103 бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.
Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.
Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Бөлімнің 2025 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 37 011 000 теңге қарастырылды, игерілгені 70%.
Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.
Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-16-13 сенім телефоны орнатылған.
Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.
Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.
Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.
Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.
Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.
Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.
Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.
Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.
Сыбайлас жемқорлық
тәуекелдеріне ішкі талдауды
анықтауға құрылған топ жетекшісі М.Ажигереев
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы Е.Асқар
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің бас маманы Е.Әдебиетов
Аудандық ішкі саясат
бөлімінің статисті Ж.Боранғалиева