2025 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2025 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2025 жылдың 7 айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 558 өтініш тіркелді.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 0,82%-ға артып отыр. (2024 жылдың 7 айында -476 өтініш түскен).

Оның ішінде, арыздар-326, шағымдар-13, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар -158, ұсыныстар -31.

          Аудан әкімі аппаратына-306, ауылдық округ әкімі аппараттарына-153, ауданның дербес бөлімдеріне-99 өтініш түсті.                             

Барлығы 496 өтініш қаралды. Аталған өтініштерді қарау нәтижесімен қабылданған шешімдер: заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені -369, оң шешілгені -95, қараусыз қалдырылғаны– 23.  Орындалу үстінде – 49, құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға 19 өтініш қарауға жіберілді,

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды:

Жер қатынастары-144; Тұрғын үй, коммуналдық шаруашылық- 156; жұмыспен қамту және әлеуметтік көмек -35; білім-2; кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы-3;  мәдениет, спорт, ономастика-18, құрылыс-4.

Соның ішінде, жер мәселесі бойынша-62, коммуналдық шаруашылық мәселесі-10, мәдениет, спорт, ономастика саласы-6, құрылыс-1, кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы -2, тағы басқа мәселелер бойынша -59 өтініш оң шешілді.

2025 жылдың 7 айында аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 252 қабылдау ұйымдастырылып, 590 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 136 өтініш оң шешілді, 391 өтінішке заң талаптарына сай түсінік берілді. Оның ішінде, аудан әкімімен 28 қабылдау ұйымдастырылып, 108 азамат жеке қабылданды. Қаралуда 17 өтініш.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы

Ағымдағы жылдың шілде айында АҚО-на келген азаматтардың саны – 52. Оның ішінде: кеңес алғандар саны - 13,  МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны- 38, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 48.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.    

 

2025 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
07 августа 2025