Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2025 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама

 

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына  2025 жылдың

І жартыжылдығына сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген  ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

 

         Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Ш.Сәтеков көшесі, №7. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15 эл.пошта: az.gainedenova@atyrau.gov.kz.

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының  5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы ауылдық округ әкімі А.Р.Мусамен 2025 жылдың 12 мамырдағы №122 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді.

Аталған өкім  негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округтің бас маманы  Ә.Ғайнеденоваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың мамыр айының  19-30  күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы        23  қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі»;
  • Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының  2003  жылғы  20 маусымдағы  Кодексі;
  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы           1  наурыздағы  Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы және т.б.

         І. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

        Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.

        Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратында 2025 жылдың                                        І-жартыжылдығында кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 10 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 9. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына 2025 жылдың IІ жартыжылдық қорытындысымен 2 мемлекеттік қызметші жіберілді. Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген.  Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

         ІІ. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 

         Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім бойынша округ  әкімімен – 60 шешім  және –  134  өкім қабылданды. 

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

ІІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Т.Ғайнеденоваға жүктелген. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ.

2025 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы 29  өтініш түсті. Оның ішінде: жеке   тұлғалардан - 25, заңды тұлғалардан – 4. Қайта қаралған өтініштер  жоқ. Шағым түскен жоқ. Қаралған өтініш саны -25, қаралуда  өтініш жоқ.

 2025 жылғы I жартыжылдықтағы өтініштердің ішінде – 8 оң шешіліп, 13 өтінішке заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді, 3 өтініш кері қайтарып алынды, басқа – 5 өтініш.

Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.

Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         ІV.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Есепті мерзімде бюджеттің кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары                          - 161 690,0 (бір жүз алпыс бір миллион алты жүз тоқсан мың)  теңгені құрайды, оның ішінде есепті мерзімге игерілгені – 225 119,0 (екі жүз жиырма бес миллион жүз он тоғыз мың) теңге, немесе 139,2 % пайызға орындалды.

         Бюджеттің шығыс бөлігінің нақтыланған жоспары – 161 694,0 (бір жүз алпыс бір миллион алты жүз тоқсан төрт мың) теңге,нақты орындалғаны – 161 594,0 (бір жүз алпыс бір миллион бес жүз тоқсан төрт мың) теңге болып, 99,9 % пайызға игерілді.

Мемлекеттік сатып алудың тікелей шарт тұжырымы бір дере көздерден жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың көлемі бойынша ақпарат ұсыну бойынша:

  • Оның ішінде ашық конкурс арқылы 269712391,01 теңгеге конкурс өткізілді. (санитарлық тазалық, ауылішілік жолдарды күтіп ұстау, жылу жүйелеріне  және электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары т.б.)
  • Баға сұрату тәсілімен 12375596,19 теңгеге сатып алулар өткізілді. (Бұнда кеңсе тауарлары, автокөлік қосалқы бөлшектері, ағымдағы жөндеу жұмыстары,, су сорғы құрылғылары т.б.)
  • Бір көзден тікелей келісім шарт жасауға 108575175,82 теңге қаралды (көше жарығының төлемдері, баспасөзге жазылу, ауыз су қызметтері,өңірлерді дамыту т.б.)
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:  жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, "кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру", "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, "жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату".

2025 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы – 85 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 77, заңды тұлғалардан – 8. Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

 

 

 

Округ әкімі                                                                                             А.Муса

Округ әкімінің орынбасары                                                               А.Нурмуханов

Округ әкімінің кеңесшісі                                                                    Б.Тулегенова

Бас маман                                                                                               М.Гумарова

Бас маман                                                                                               Н.Кайрмеденов

Бас маман                                                                                               М.Меңсейітов

Бас маман                                                                                               Ә.Ғайнеденова

Бас маман                                                                                               Қ.Садиқұлов

Бас маман                                                                                               Н.Кендебаев

                                                                                                                  

 

 

 

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2025 жылдың І жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
23 июля 2025