Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөліміндегі сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Құрманғазы ауылы «7 » шілде 2025 жыл
Сыбайлас жемқорлық қауіптеріне ішкі талдау жасаудың обьектісі: «Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Сыбайлас жемқорлық қауіптерінің ішкі талдауы.
Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.
Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 30 мамырдағы №217 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызметін жүзеге асырады.
Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі басшысының 2025 жылғы 22 сәуірдегі №37 бұйрығымен бекітілген, бөлім қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қауіптеріне ішкі талдау жасау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу бойынша іс-шаралар жоспарына сәйкес жүзеге асырылды.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді:
Н.Баймуханова - жұмыс тобының басшысы, бөлім басшысы;
А.Рахимов - жұмыс тобының мүшесі, бөлім басшысының орынбасары;
Б.Олжабаева - жұмыс тобының мүшесі, бас маман;
І.Түймәлиева - тобының мүшесі, бас маман.
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі: 2024 жыл шілде айы – 2025 жыл сәуір айы аралығы.
Талдау келесі бағыттар бойынша жүргізілді:
- персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау;
1) Бөлімнің қызметін реттейтін заңнамалардағы сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.
2) Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету мәселелер бойынша талдау обьектісі қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қауіптерін анықтау:
1) Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.
Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны - 8 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және бөлім басшысының орынбасары, 6 бас маман) мен 3 штаттан тыс қызметкер (статистикалық есепке алу, хатшы және автокөлік жүргізушісі) барлығы 11 қызметкер жұмыс істейді.
2025 жылдың есепті мерзімінде қорытындысы бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы – 64 бұйрық берілген.
2) Мүдделер қақтығысы жоқ.
3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.
Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына, аудан әкімі аппаратына есеп тапсырылды. Сонымен бірге, бөлімде «сенім телефоны» (87123320313) жұмыс жасайды.
Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, instagram) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Бөлімде мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Бөлімдегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып отыр.
Бюджетті жоспарлау:
Қазақстан Республикасы 2015 жылғы 16 қарашадағы "Ақпаратқа қол жеткізу туралы" Заңының17-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің м.а. 2025 жылғы 18 сәуірдегі №176-НҚ «Ашық бюджеттердің интернет-порталында ақпаратты орналастыру және бюджеттік бағдарламалардың паспорттарын (бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді) жария талқылау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес жергілікті мемлекеттік органдардың бюджеттік есептіліктерін, шоғырландырылған қаржы есептілікті, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың нәтижелерін орналастыратын, сондай-ақ бюджеттік бағдарламаның жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді көпшілікпен талқылауды өткізетін «Ашық бюджеттер» порталына budget.egov.kz орналастырылды.
Бюджет қаржысын игеру:
Бөлімге бөлінген бюджет қаражатын жұмсау жөніндегі ақпараттың ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында жұмыстарды, тауарларды, қызметтерді мемлекеттік сатып алу рәсімдерін өткізу бойынша, Заңға сәйкес жылдық жоспар бекітіліп, электрондық веб-порталда жарияланады. Осыған орай, барлық мемлекеттік сатып алулар, бекітілген жылдық жоспарға сәйкес жүзеге асырылып келеді.
Бөлімде негізгі қызметін жүргізу мақсатында 2025 жылдың есепті мерзімінде 29 мемлекеттік сатып алу жұмысы Заңға сәйкес өткізілді, оның ішінде 4 келісім шарт бір көзден сатып алу тәсілімен тікелей жасақталды.
Коммуналдық меншікті басқару:
Коммуналдық мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру функциялары бойынша қызметтері автоматтандырылған. Қазіргі таңда, мүлікті сату, жалға және сенімгерлік басқаруға беру, тізілімнің веб-порталы www.gosreestr.kz сайты арқылы жүзеге асырылады. Мүлікті сату туралы ақпараттық хабарламалар мерзімді тізілімнің веб-порталында жарияланады. www.gosreestr.kz сайты арқылы сатып алушыны айқындайды және онымен сатып-алу шартын жасақтайды.
Аудандық экономика және қаржы бөлімі бойынша 1 мемлекеттік қызмет көрсетеді:
2025 жылдың 1 шілде жағдайына 40 маманға мемлекеттік қызмет көрсетілді.
"Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, аулдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметкерлеріне әлеуметік қолдау шараларын көрсету" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы № 72 бұйрығына сай, құжаттар Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің бұйрығына сәйкес 2023 жылғы 1 сәуірден бастап "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып «Отбасы банк» тағайындалды.
|
№ р/с |
ТӘУЕКЕЛ |
ҰСЫНЫМДАР |
|
1 |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №72 бұйрығымен бекітілген «Ауылдық елді мекендерде жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтік қолдау шараларын ұсыну қағидаларының» 2-тарау 6-тармағының 3-абзацында «тізбеде көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түрінде әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызметті алушылардың саны және олардың мамандықтары көрсетіледі» - делінген. |
Көтерме жәрдемақы және тұрғын үй сатып алуға немесе салуға бюджеттік кредит түріндегі әлеуметтік қолдау шаралары көрсетілетін қызмет алушылардың оқу орындарын сырттай (дистационно) бітірген мамандарға беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы Қағидада нақты көрсету ұсынылады. |
Қорытынды:
«Атырау облысы Құрманғазы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:
Жұмыс тобының басшысы, бөлім басшысы: Н.Баймуханова
Жұмыс тобының мүшесі,
бөлім басшысының орынбасары: А.Рахимов
Жұмыс тобының мүшесі, бас маман: Б.Олжабаева
Жұмыс тобының мүшесі, бас маман: І.Түймәлиева