Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерін тіркеу туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 45-бабына, 113-11-бабының 1-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерін тіркегендігі туралы хабарлайды:
Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып Утешов Кадыржан Дюсенбаевич, 1981 жылы туған, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы, «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі Орлы ауылының тұрғыны тіркелді.
Асан ауылдық округінің әкімі болып Мурзагалиев Максат Саламатович, 1989 жылы туған, әкім, «Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі Асан ауылының тұрғыны тіркелді.
Орлы ауылдық округінің әкімі болып Бектемиров Жандос Мнафихович, 1969 жылы туған, әкім, «Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі Орлы ауылының тұрғыны тіркелді.
Сафон ауылдық округінің әкімі болып Сатылганов Есенбек Исатаевич, 1978 жылы туған, атқарушы директор, «Сатылганов А.И» шаруа қожалығы, Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі Сафон ауылының тұрғыны тіркелді.
Теңіз ауылдық округінің әкімі болып Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы, 1998 жылы туған, әкімнің кеңесшісі, «Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі Хиуаз ауылының тұрғыны тіркелді.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы