Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары

 

        2025 жылғы 13 шілдеде Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы өтті.

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасы, 44-бабы, 113-10-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтежелерін белгіледі:

 

Ақкөл ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 2802 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 1059. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 6, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 32.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жігерұлы Мейірханға – 142

Утешов Кадыржан Дюсенбаевичке – 739

Саркулова Талшын Бисековнаға – 105

Ақкөл ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Утешов Кадыржан Дюсенбаевич, 1981 жылы туған, «Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы, Атырау облысы Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі Орлы ауылының тұрғыны сайланды.

        

Асан ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 693 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 354. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 79, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 12.                                                                        

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Ерекенов Кайыргали Елемесовичке – 39

Каламов Куаныш Адилбековичке – 61

Мурзагалиев Максат Саламатовичке – 235

Асан ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Мурзагалиев Максат Саламатович, 1989 жылы туған, «Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Құрманғазы ауданы Асан ауылдық округі Асан ауылының тұрғыны сайланды.  

 

Орлы ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 3, сайлаушылар тізіміне 1631 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 601. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 53, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 27.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Бектемиров Жандос Мнафиховичке – 348

Утешова Эльмира Сиражовнаға – 61

Середенов Бахитжан Шамуратовичке – 146  

Орлы ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Бектемиров Жандос Мнафихович, 1969 жылы туған, «Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкімі, Құрманғазы ауданы Орлы ауылдық округі Орлы ауылының тұрғыны сайланды.

 

Сафон ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 4, сайлаушылар тізіміне 1041 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 474. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 22, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 4.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Жугинисов Болат Темиржановичке – 200

Жумагазиев Берик Казимбековичке – 6

Сатылганов Есенбек Исатаевичке – 218

Хилауова Армангуль Амангельдиевнаға – 5    

Сафон ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Сатылганов Есенбек Исатаевич, 1978 жылы туған, «Сатылганов А.И» шаруа қожалығының атқарушы директоры, Құрманғазы ауданы Сафон ауылдық округі Сафон ауылының тұрғыны сайланды.

 

Теңіз ауылдық округі бойынша дауысқа түскен кандидаттардың жалпы саны - 2, сайлаушылар тізіміне 1135 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 515. Дауыс беруге арналған үй-жайдан тыс жерде дауыс берген сайлаушылардың саны - 18, «Бәріне қарсымын» белгісіне белгі салғандар саны - 24.

Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:

Кабиева Гулмира Ермешовнаға – 149

Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлына – 312

Теңіз ауылдық округінің әкімі болып өзін-өзі ұсынған Мұзафар Мұрадым Уәлитханұлы, 1998 жылы туған, «Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің кеңесшісі, Құрманғазы ауданы Жаңаталап ауылдық округі Хиуаз ауылының тұрғыны сайланды.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон және Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауының қорытынды хабары
Дата публикации
14 июля 2025