«Атырау облысы Құрманғазы аудандық кәсіпкерлік және ауылшаруашылығы бөлімі» мемлекеттікмекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА
Құрманғазы ауылы 9 маусым2025 жыл
Кіріспе бөлім:
Талданатын объект туралы мәлімет:«Атырау облысы Құрманғазыаудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттікмекемесі. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №171 қаулысымен бекітілген Ереже негізінде қызметін жүзеге асырады.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі бөлімі) –Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы, сауда, туризм,индустриялық-инновациялық саясат, инвестициялар мен сыртқы экономикалық байланыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Талдаудың негізі:
«Атырау облысыҚұрманғазыаудандықкәсіпкерлікжәнеауылшаруашылығыбөлімі» мемлекеттікмекемесі басшысының2025 жылғы 13 мамырдағы №9 бұйрығы.
Жұмыс тобының құрамы:
1.Тулепов Нұрлыбек Бекетович -бөлім басшысы, топ жетекшісі;
Жұмыс тобының мүшелері:
1.Алғаязов У-Құрманғазы ауданының жеке кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарыныңқоғамдастығыҚоғамдық бірлестігінің төрағасы;
2.Мұфтах Асқар Зинетоллаұлы-бөлім басшысының орынбасары;
3.Кабдолов Саламат Кибадуллаевич- бөлімнің бас маманы;
4.Жагпарова Зоя Хайроллақызы- бөлімнің бас маманы;;
5.Мусаева Нургуль Кикпаевна-бөлімнің бас маманы.
Талдауды жүргізу кезеңі: 2024 жыл 20наурыз-2025жыл 18 мамыр аралығы.
Талдауды жүргізу мерзімі: 2025 жылғы 19мамыр-30 мамыр аралығы.
Талдау бағыты:
1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
1.Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Талдау жүргізу мерзімі аралығында бөлімнің қызметі бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізілген қаулы, шешім жобалары болған жоқ.
2.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сипаттама бөлігі:
1.Персоналды басқару,соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023жылғы 31 мамырдағы №140 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының қосымшасына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметшілері бойынша штаттық саны – 9 бірлікті құрайды, оның ішінде 1- басшы, 1-бөлім басшысының орынбасары, 6 бас маман, 1 бас - маман есепші.
Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар және тәртіптік жауапкершілікке тартылған қызметкерлер болған жоқ.
Талдау жүргізу барысында бөлімнің персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Мемлекеттік қызметшілердің барлығы әдеп кодексімен таныстырылған, өздеріне жүктелген лауазымдық міндеттер бойынша жұмыс жасап келеді.
Қызметтік қажеттілікке байланысты хат алмасу үшін «Crm.Gov.Kz», «Atyrau.Qujat.Gov.Kz» , «Е-Өтініш», «Е-Қызмет»ақпараттық жүйелермен толық қамтылған.
2.Мүдделер қақтығысын реттеу.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Бөлімдегі мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
3.Мемлекеттік қызметтер көрсету.
Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылық бөлімі бойынша Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер аудан әкімдігі жанынан ашылған «Азаматтарды қабылдау орталығы» ғимаратында көрсетіледі. 2024 жыл ішінде барлығы – 878 және 2025 жылдың қаңтар-мамыр айлар ішінде барлығы – 177мемлекеттік қызметттер көрсетілді.
Атап айтатын болсақ;
1."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" жүргізу құқығына куәліктер беру 2024 жылы- 56 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында -34 қызмет;
2."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"мемлекеттік нөмірлік белгі беру 2024 жылы- 262 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында – 67 қызмет;
3."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу"мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу 2024 жылы- 558 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында 76 қызмет;
4."Тракторлардың және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдердің, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерінің, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу (тіркеуден алу), өзгерістер мен толықтыруларды (оның ішінде, меншік құқығының басқа адамға ауысуы, талап ету құқығын басқаға беру, кейіннен кепілге (қайталама кепілге) салу) тіркеу және тіркелген кепілдің қолданысын тоқтату, сондай-ақ кепілді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті немесе телнұсқаны беру" кепілін мемлекеттік тіркеу 2024 жылы- 2 және 2025 жылда қаңтар-мамыр айларында 0қызмет;
Түскен өтініштер заңда белгіленген мерзім ішінде Е-лицензия ақпараттық жүйесіне енгізіліп, мемлекеттік қызмет алушылар ұсынған қызмет түрін алып отыр.
Атқарылған жұмыс туралы бақылау журналы ашылды, бөлім басшысының телефоны 2-07-47 сенім телефоны ретінде жұмыс жасайды, аудандық «Серпер» газетіне 2024 жылдың 13 наурызда және 2025 жылдың 22 қаңтардағы «Техникалық байқау» атты мақалалары жарияланды, бөлімнің ресми әлеметтік Facebook парақшасына 2024 жылы 6 ақпарат және 2025 жылда 2 әр түрлі бағыттағы ақпараттар, бейнероликтер жарияланды.
Мемлекеттік қызметтер көрсету бойынша қолданыстағы нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:
Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойыншакөрсетілетін мемлекеттік қызметтердің ішінде жыл сайынғы мемлекеттік техникалық қарап-тексеру жүргізу бойынша қызметтер «Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/269 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Мемлекеттік қызметті көрсету барысында қызмет алушы өтінімді "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер базасы" ақпараттық жүйесі арқылы ұсынғанымен, көрсетілген ауыл шаруашылық машиналарын қарап-тексеру қызмет көрсетуішінің барып қарауы арқылы машина иеленушінің (көрсетілетін қызметті алушының) не оның өкілінің қатысуымен жүргізіледі.Аталған қызметті көрсету барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындауы мүмкін.
Ұсыным:«Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеруден өткiзу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін жергілікті атқарушы органдар функциясынан алып тастап, жеке кәсіпкерлік ортаға беру ұсынылады.
Талдау жүргізу барысындағы мемлекеттік қызмет көрсету бойынша қолданыстағы нормативтік-құқықтық актілерде, оның ішінде, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің салалы бұйрықтарының талаптары сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне әкеліп соғуы мүмкін.
Талдау барысында ауыл шаруашылығы саласы мамандарының ұсыныстары ескерілді.
4.Рұқсат беру функцияларын іске асыру.
Бөлім бойынша 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рұқсат беру функциялары белгіленген. Олар:
1."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру" жүргізу құқығына куәліктер беру 2024 жылы- 56 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында -34 қызмет;
2."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу), тіркеу есебінен алу және олар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмірлік белгі беру"мемлекеттік нөмірлік белгі беру 2024 жылы- 262 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында – 67 қызмет;
3."Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауыл шаруашылығы, мелиорациялық және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттiк техникалық қарап-тексеру жүргізу"мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу 2024 жылы- 558 және 2025 жылдаң қаңтар-мамыр айларында 76 қызмет көрсетілді.
5.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша бақылау-тексеру функциялары іске асырылмайды.
6.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу.
Атырау облысы Құрманғазы ауданының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2024 жылға қаралған қаржы жоспары – 67976,0 мың теңге, оның 67970,2 мың теңгесі игеріліп, игерілуі 99,9 % құрады. Оның ішінде: 454 001 «Жергілікті деңгейде кәсіпкерлікті және ауыл шаруашылығын дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметтер» бағдарламасына 58564,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына 58559,1 мың теңге қаржы игеріліп, бюджет қаржысын игеру 99,9 пайызды құрады. Бөлінген бюджет қаражаты бөлімнің аппаратын ұстау шығындарына арналған.
454 007 «Мемлекеттік органның күрделі шығыстары» бағдарламасына 9412,0 мың теңге қаржы бөлініп, жыл соңына 9412,0 мың теңге игеріліп, бюджет қаржысын игеру 100,0 пайызды құрады.Жыл ішінде 9270,2 мың теңгеге Lada Niva Travel автокөлігі және 141,0 мың теңгеге кондиционер сатып алынып теңгерімге бекітілді.
Жоспарланған бюджет қаражатының жұмсалуы барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес мемлекеттік сатып алулар болған жоқ.
Бөлімнің 2025 жылға бекітілген жоспары – 54053,0 мың теңге, оның 23454,0 мың теңгесі игеріліп, игерілуі 43,39% құрады. Бөлінген бюджет қаражаты бөлімнің аппаратын ұстау шығындарына арналған.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5- бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Жоспарланған бюджет қаражатын жұмсалу барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес мемлекеттік сатып алулар болмаған.
Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
7.Жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2024 жылы 23 келісім шарт жасақталған. Оның 15-і баға сұраныстарын ұсыну арқылы, 2-і бір дереккөздерден тікелей шарт жасасу арқылы, 2-і негіздемелік келісімді пайдалана отырып, конкурстың екінші кезеңін жүзеге асыру арқылы , 4-і өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу арқылы жасақталды. 2024 жылға жасақталған мемлекеттік сатып алулар бойынша шарттар талаптары мерзімінде орындалған.
Мемлекеттік сатып алулар бойынша 2025 жылдың 19 мамыр жағдайы бойынша 17 келісім шарт жасақталған. Оның 6-ы баға сұраныстарын ұсыну арқылы, 3-і бір дереккөздерден тікелей шарт жасасу арқылы, 8-і өткізілмеген мемлекеттік сатып алу бойынша бір көзден сатып алу арқылы жасақталды.
Барлық мемлекеттік сатып алулар бойынша келісім-шарттар https://www.goszakup.gov.kz сайты арқылы жасақталып отыр.
8.Ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану.
Ұйымдастыру -басқару қызметінен туындайтын өзге де мәселелер.
2024 жылдың қорытындысы бойынша eotinish.gov.kz арқылы 7 өтініш түсіп, мерзімінде қаралып, жауаптар берілді.
Бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарда, әлеуметтік желілерде қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.
Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ
Ұйымдастыру -басқару қызметі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.
Жұмыс тобының жетекшісі: Н.Тулепов
Жұмыс тобының мүшелері: У.Алғаязов
А.Мұфтах
С.Кабдолов
З.Жагпарова
Н.Мусаева