Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратына 2025 жылдың 3 мамыр және 3 маусым                       аралығындағы кезеңге    сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген  ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама  

 

Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратына 2025 жылдың 3 мамыр және 3 маусым                       аралығындағы кезеңге    сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген  ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

 

         Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Теңіз ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Теңіз  ауылы, Дина Нұрпейісова  көшесі, №11. 8(71233)-3-75-07, 8(71233)-3-75-08, эл.пошта: akim_teniz@mail.ru

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағы, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес, 2025 жылдың 28 сәуірінде №15 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 3 мамыр мен             3 маусым   аралығындағы кезеңге    жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау,және ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілері қолданады:

-Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-II «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заңы;

-Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы                                  11 желтоқсандағы № 648 «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы;

-Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 29 маусымдағы №350-VI «Әкімшілік рәсімдік – процестік кодексі», және т.б. нормативтік құқықтық актілер қолданады.

  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі»;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;         

         І.Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

        Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.

        Теңіз ауылдық округ әкімінің аппаратында 2025 жылдың 3 мамыр мен               3 маусым айы аралығында  кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 6 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 6. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

         ІІ. Теңіз ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша        

         Теңіз  ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім бойынша округ  әкімімен – 14 шешім  және – 57  өкім қабылданды. 

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

ІІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Теңіз  ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуы бақылауға алынды. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ.

 «Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты»ММ, «Е-өтініш» ақпараттық жүйесіне    3 ұсыныс, 1 хабарлама, 1 өтініш түсті. Оның 2-і қанағаттандырылды, 3-і түсіндірілді.

Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.

Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         Жоғарыда баяндалғандар негізінде «Теңіз ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ деген шешімге келді.

         ІV. Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін анықтау.

«Теңіз ауылдық округі әкімінің аппараты»  мемлекеттік мекемесінің  мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штат саны-6, нақты жұмыс істейтіндер саны-6, теріс себептер бойынша-жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар –жоқ.

Талдау барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар-жоқ.

  1. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Теңіз ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 01.01.2025 жылға 4_20 нысаны бойынша қаралған қаржы барлығы 129630,0 мың теңге.

Оның ішінде 2025жылдың  4 айы бойынша

  1. Міндеттемелер бойынша – 38110 мың теңге.

          2.Төлем бойынша - 45779 мың теңге.

  1. Игерілгені- 99,3%.

Талдау барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар-жоқ.

  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Округ тұрғындары жаңадан салынған тұрғын үйін тіркету үшін  мекенжай туралы  анықтаманы «Азаматтарға арналған үкімет»  Мемлекеттік корпорациясы коммерциялық  емес акционерлік қоғамның Атырау облысы бойынша филиалының Құрманғазы аудандық халыққа қызмет көрсету  бөліміне  тіркету үшін  сұратады.  

Күні бүгінге дейін  Қазақстан Республикасының қолданыстағы   заңдамасында осы анықтамаларды берудің  нақты регламенті айқындалмаған. Осы мәселе бойынша тұрғындардан арыз шағым түскен жоқ.

         Ұсыным: Осыған байланысты мекенжай туралы анықтама беруді мемлекеттік  көрсетілетін  қызмет  стандартына аталған қызметті қосу немесе жаңадан берілген жер учаскелерін  «Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі»  базасына  енгізу үшін ұсыныс етеді.

 

 

         Жұмыс тобының жетекшісі:                                                               К.Махсутов                 

 

         Жұмыс тобының  мүшелері:     

          К.Ибрашов

          А.Нуржанова

          А.Дюсенбаева

         Г.Достыбаева

         З.Ажгалиева                    

 

Дата публикации
10 июня 2025