Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратына 2024 жылдың 2 желтоқсан мен 2025 жылдың 28 сәуір аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратына 2024 жылдың 2 желтоқсан мен

2025 жылдың 28 сәуір аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

 

         Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Еңбекші ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылы, Қ.Өмірбаев көшесі, №1А. Тел: 8(71233) 3-16-44, факс 3-16-56. эл.пошта: еnbekshi1977@qmail.com

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының 5 тармағына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 37 бабының 3 тармағына сәйкес, 2025 жылдың 28 сәуіріндегі №11 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді.

         Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2025 жылдың 3 мамыр мен 3 маусым аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

  • «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы        23  қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі»;
  • Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;

        -Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі»  Қазақстан Республикасының  2003  жылғы  20 маусымдағы  Кодексі;

  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы және т.б.

         І. Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

        Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.

         Еңбекші ауылдық округ әкімінің аппаратында 2024 жылдың 2 желтоқсан мен 2025 жылдың 28 сәуір аралығындағы кезеңінде кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 7 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 7. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына 7 мемлекеттік қызметші жіберіледі. Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген. Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

         ІІ. Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 

         Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім бойынша округ  әкімімен – 43 шешім және 65 – өкім қабылданды. 

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

ІІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Еңбекші ауылдық округі әкімінің кеңесшісі Қ.Қ.Уаһапқа жүктелген. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ.

2024 жылдың 2 желтоқсан мен 2025 жылдың 28 сәуір аралығындағы кезеңімен Еңбекші ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы – 10 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 9, заңды тұлғалардан – 5. Оң шешілгендер – 10, түсінік берілгені – 0. Қайта қаралған өтініштер жоқ. Шағым түскен жоқ, қаралуда өтініш жоқ.

Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.

Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         ІV. Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Есепті мерзімде бюджеттің кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары                          - 120 125 000 (жүз жиырма миллион бір жүз жиырма бес мың) теңгені құрайды, оның ішінде есепті мерзімге игерілгені - 42 910 215 (қырық екі миллион тоғыз жүз он мың екі жүз он бес) теңге, 31,6 % пайызға орындалды.

Мемлекеттік сатып алудың тікелей шарт тұжырымы бір дере көздерден жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың көлемі бойынша ақпарат ұсыну бойынша: Жылдық жоспардың жалпы сомасы 27 690 181 (жиырма жеті миллион алты жүз тоқсан мың жүз сексен бір) теңгені құрады.

  • Баға сұрату тәсілімен 13 335 671,01 теңгеге сатып алулар өткізілді. (Бұнда жол, көгалдандыру, терек отырғызу, өңірлерді дамыту бағдарламасы, баспасөзге жазылу т.б.)
  • Бір көзден тікелей келісім шарт жасауға 14 354 510,33 теңге қаралды (көше жарығының төлемдері, тазалық жұмыстары, ауыз су қызметтері т.б.)
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Округке қарасты елді мекендер бойынша тұрғындарға жаңадан берілген жер телімдерін, жеке меншіктерге жерлерді бөлу үшін жерге орналастыру жобасын жасауға және тіркеу кезінде ауданның жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөліміндегі мекен жайларды енгізу базасына мекен жайды енгізу, нақтылау мақсатында, міндетті түрде тұтынушыдан жергілікті округтен мекен жай анықтамасын алып келуді сұратады. Күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы анықтаманы берудің нақты регламенті айқындалмаған.

Ұсыным: Осыған байланысты аталған мекен жай анықтама беруді мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына аталған қызметті қосу ұсынылады.

 

Жұмыс тобынын жетекшісі:                                                             Ж.Хамзин

        

         Жұмыс тобының мүшелері:

Қ.Уаһап

У.Алгаязова

А.Кабдолова

Н.Есимов

Ш.Саханов

Н.Кабасова        

 

 

 

Еңбекші ауылдық округ әкімі аппаратына 2024 жылдың 2 желтоқсан мен 2025 жылдың 28 сәуір аралығындағы кезеңге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
10 июня 2025