Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан,
Орлы, Сафон, Теңіз ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1 тармағы 1) тармақшасы және 2 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2025 жылғы 13 шілдеге Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон, Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған Құрманғазы ауданы Ақкөл, Асан, Орлы, Сафон, Теңіз ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төраға Б.Бралиев
Хатшы Ж.Орынбасаров
Құрманғазы ауылы
2025 жылғы 4 маусым
№3