АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА «БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтердің тиімділігі мен қолжетімділігі жоғары деңгейде

АҚПАРАТТЫҚ ХАБАРЛАМА

 

«БЖЗҚ» АҚ көрсететін қызметтердің тиімділігі

мен қолжетімділігі жоғары деңгейде

 

«БЖЗҚ» АҚ (БЖЗҚ, Қор) халықпен қарым-қатынас деңгейін жақсарту мақсатында заманауи технологиялар мен сандық шешімдерді көптеп енгізуде.  2025 жылдың қаңтар айында халыққа шамамен 10,6 млн қызмет көрсетілді. Жыл басынан бері көрсетілген қызметтердің жалпы санынан 2,3 млн астамы электрондық форматта, 8,1 млн. қызмет автоматты түрде көрсетілген. Осылайша, автоматты, электрондық және қашықтан көрсетілген қызметтердің үлесі жалпы көрсетілген қызметтер санының 99,1% тең болды. Күндізгі форматта шамамен 98,0мың қызмет көрсетіліп, оның ішінде тікелей Қордың кеңселерінде 95,4 мың қызмет жүзеге асырылған.

Естеріңізге сала кетейік, барлық зейнетақы шоттары БЖЗҚ-ға бірінші жарна түскен кезде автоматты түрде ашылады. Сондай-ақ, "Ұлттық қор­— балаларға" бағдарламасының қатысушыларына нысаналы талаптар мен нысаналы жинақтар да автоматты түрде есептеледі.

Есепті кезең ішінде шартты зейнетақы шоттарын (жұмыс берушінің ЖМЗЖ аударуы нәтижесінде ашылатын ШЗШ) және нысаналы жинақтау шоттарын ("Ұлттық қор­—балаларға" бағдарламасы аясында ашылатын НЖШ) қоса алғанда, зейнетақы жарналарының барлық түрлері бойынша автоматты режимде ашылған жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) жалпы саны 404,5жетті.

Жеке зейнетақы шотынан, шартты зейнетақы шотынан (ШЗШ), сондай-ақ нысаналы жинақтау шотынан (НЖШ) үзінді көшірме алу бұрынғысынша ең танымал қызмет санатында. Жыл басынан бері ЖЗШ, ШЗШ, НЖШ-дан шамамен 2,8 млн үзінді көшірме берілді. Оның 2,1 млн астамы-электрондық, ал 605,5 мыңнан астамы автоматты түрде рәсімделді.

Салымшылардың (алушылардың) Қор сайтындағы және ұялы қосымшасындағы Жеке кабинеттен үзінді көшірме алудан басқа өз деректемелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу, шотының бар екендігі туралы анықтама алу, 1 немесе 2 топтағы мүгедектіктің мерзімсіз уақытқа белгіленуіне байланысты немесе ерікті зейнетақы жарналары бойынша зейнетақы төлемдерін тағайындау туралы өтініш беру сияқты қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктері бар. Сондай-ақ, зейнетақы жарналарын төлеу туралы өтініштің мәртебесін қадағалау, инвестициялық портфельді басқарушыға (ИПБ) жинақтардың бір бөлігін аудару, зейнетақы калькуляторының көмегімен болашақ зейнетақыны болжамды есептеу және т.б. қызметтер әлемнің кез-келген нүктесінде 24/7 режимінде қолжетімді.  

2025 жылдың қаңтар айында деректемелерді өзгертуге 14,1 мыңнан астам өтініш қабылданып, оның 13,1 мыңы Қордың кеңселерінде ұсынылды. 

БЖЗҚ мамандарына қандай да бір қызмет түрі бойынша жүгіне отырып, салымшылар, әдетте, жинақтарды қалыптастыруға қатысты қосымша кеңестер ала алады. Ақпараттық-түсіндіру жұмыстары аясында 3,2 мың көшпелі таныстырылым өткізіліп, оған шамамен 68,4 мың адам қатысты. Бұқаралық ақпарат құралдарында БЖЗҚ хабарламалары бойынша 4,1 мыңнан астам материал жарияланды.

Салымшылар мен алушылардың кері байланыс арналары бойынша түскен өтініштерінің саны шамамен 65,0 мың.

Естеріңізге сала кетейік, кез келген компания Қор кеңсесіне барып жинақтаушы зейнетақы жүйесінің мәселелері бойынша таныстырылым мен кеңестер өткізуге өтінім бере алады. Ол үшін 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығына қоңырау шалып, Қор сайты немесе ұялы қосымшасы арқылы хабарласу қажет.

 

БЖЗҚ-ның кеңес беру қызметтерін мессенджерлер (+7 777 000 14 18 нөмірі бойынша WhatsАpp және Viber чат-боттары) арқылы, 1418 нөмірі бойынша байланыс орталығынан (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін), enpf.kz корпоративтік сайтынан, сондай-ақ, Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники сияқты әлеуметтік желілердегі БЖЗҚ-ның ресми парақшаларынан алуға болады. 

 

БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, сондай-ақ "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым аударған кепілдік берілген депозит бойынша кепілдік берілген өтемнің талап етілмеген сомасы есебінен қалыптастырылған ерікті зейнетақы жарналарын есепке алып, оның есебін жүргізеді, зейнетақы төлемдерін жүзеге асыруды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ Қор нысаналы активтер мен нысаналы талаптарды есепке алуды, нысаналы жинақтау шоттарына нысаналы жинақтарды (НЖ) есепке алу мен есептеуді, НЖ төлемдерін оларды алушының банк шоттарына есептеуді, "Ұлттық қор – балаларға" бағдарламасы шеңберінде Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен НЖ қайтарымдарын есепке алуды жүзеге асырады (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

 

 

 

ЕНПФ продолжает демонстрировать высокую эффективность и доступность оказываемых услуг

 

Единый накопительный пенсионный фонд активно внедряет современные технологии и цифровые решения в целях улучшения взаимодействия с населением. За январь 2025г. оказано населению порядка 10,6 млнуслуг. Из общего количества оказанных услуг с начала года - более 2,3, млн проведено в электронном формате, в автоматическом – 8,1млн. Таким образом, доля услуг, оказанных в автоматическом, электронном и удаленном форматах составила 99,1% от общего количества. В очном формате было оказано порядка 98,0 тыс. услуг, в том числе непосредственно в офисах Фонда 95,4 тыс.

Напомним, что все пенсионные счета открываются в ЕНПФ автоматически при поступлении первого взноса. Также автоматически начисляются целевые требования и целевые накопления участникам программы «Нацфонд – детям».

Всего за отчетный период общее количество открытых в автоматическом режиме индивидуальных пенсионных счетов (ИПС) по всем видам пенсионных взносов, включая условные пенсионные счета (УПС, открываемых в результате перечисления ОПВР работодателем), и целевых накопительных счетов (ЦНС, в рамках программы «Нацфонд-детям») составило 404,5 тыс.

По-прежнему самой популярной услугой является получение выписки с индивидуального пенсионного счета, условного пенсионного счета (УПС), а также целевого накопительного счета (ЦНС). С начала года с ИПС, УПС, ЦНС было выдано порядка 2,8 млн. выписок, из которых более 2,1 млн. - в электронном виде и более 605,5 тыс.  в автоматическом режиме.

Кроме получения выписки в личном кабинете на сайте и в мобильном приложении вкладчики (получатели) имеют возможность воспользоваться такими услугами, как внесение изменений и дополнений в свои реквизиты, получение справки о наличии счетов, подача заявления о назначении пенсионных выплат в связи с установлением инвалидности 1 или 2 группы бессрочно или по добровольным пенсионным взносам, отслеживание статуса заявления на выплату, перевод части накоплений управляющим инвестиционным портфелем (УИП), прогнозный расчет будущей пенсии с помощью пенсионного калькулятора и т.д. в режиме 24/7 в любой точке мира.

На изменение реквизитов за январь 2025г. было принято более 14,1 тыс.заявлений, из них более 13,1 тыс. – в офисах Фонда.

Обращаясь за той или иной услугой к специалистам ЕНПФ, вкладчики, как правило, получают дополнительные консультации и советы по формированию сбережений. В рамках информационно-разъяснительной работы проведено 3,2 тыс. выездных презентаций, на которых присутствовали порядка 68,4 тыс. человек. В средствах массовой информации были размещены более 4,1 тыс. материалов по сообщениям ЕНПФ.

Количество поступивших обращений вкладчиков и получателей по каналам обратной связи составило порядка 65,0 тыс.

Напомним, что любая компания может подать заявку на проведение презентации и консультаций по вопросам накопительной пенсионной системы с выездом в офис, для чего нужно просто позвонить в call-центр по номеру 1418 или обратиться через сайт или мобильное приложение Фонда.

Консультационные услуги ЕНПФ можно получить посредством мессенджеров (чат-бота в WhatsАpp и Viber по номеру +7 777 000 14 18), call-центра по номеру 1418 (звонок по Казахстану бесплатный), на корпоративном сайте enpf.kz, а также на официальных страницах ЕНПФ в социальных сетях Instagram, Facebook, ВКонтакте, X(Twitter), Telegram, Одноклассники.

 

ЕНПФ создан 22 августа 2013 года на базе АО «НПФ «ГНПФ». Учредителем и акционером ЕНПФ является Правительство Республики Казахстан в лице ГУ «Комитет государственного имущества и приватизации» Министерства финансов Республики Казахстан. Доверительное управление пенсионными активами ЕНПФ осуществляет Национальный Банк Республики Казахстан. В соответствии с пенсионным законодательством ЕНПФ осуществляет привлечение обязательных пенсионных взносов, обязательных пенсионных взносов работодателя, обязательных профессиональных пенсионных взносов, добровольных пенсионных взносов, а также зачисление и учет добровольных пенсионных взносов, сформированных за счет невостребованной суммы гарантийного возмещения по гарантируемому депозиту, перечисленной организацией, осуществляющей обязательное гарантирование депозитов, в соответствии с Законом Республики Казахстан "Об обязательном гарантировании депозитов, размещенных в банках второго уровня Республики Казахстан", обеспечивает осуществление пенсионных выплат. Также Фонд осуществляет учет целевых активов и целевых требований, учет и зачисление целевых накоплений (ЦН) на целевые накопительные счета, выплат ЦН их получателю на банковские счета, учет возвратов ЦН в порядке, определенном Правительством Республики Казахстан в рамках программы «Национальный фонд – детям». (Подробнее на www.enpf.kz).

 

 

ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ ЕНПФ продолжает демонстрировать высокую эффективность и доступность оказываемых услуг
Дата публикации
27 марта 2025