Тұрақты бос лауазымға конкурс жарияланады Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Байда ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі лауазымы, тұрақты 1 бірлік

 

 

Тұрақты бос лауазымға конкурс жарияланады

Атырау  облысы Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Байда ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық  кәсіпорынының меңгерушісі лауазымы,  тұрақты    1 бірлік

Мемлекеттік орган : Атырау  облысы Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі

Аймақ:  Атырау  облысы, Құрманғазы ауданы, Бөкейхан ауылдық округі, Бөкейхан ауылы

Санат: А1-4

Орташа лауазымдық айлықақысы: 298306 теңге.

Жалпы біліктілік талаптары: педагогикалық ғылымдары (музыкалық білім) және /немесе өнер және гуманитарлық ғылымдар және/немесе әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат, және /немесе қызмет көрсету (туризм, мәдени-тынығу жұмыстары), құқықтану, экономика, басқару  бағыттары бойынша жоғары (немесе  жоғары оқу орнынан кейінгі) білім және мамандық бойынша 3 жылдан кем емес  жұмыс өтілі.

Қосымша қойылатын талаптар: ұжымды басқара білу, жұмысын жоспарлау, жоғары ұйымдастырушылық қабілет.

Функционалды міндеттер :

- Кәсіпорынның өндірістік, әкімшілік-шаруашылық және қаржылық-экономикалық қызметіне басшылық жасайды, ұйым мүлкін сақтау және тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асырады, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;

- Мәдени-демалыс ұйымның қызметіне басшылық етеді, шығармашылық, әдістемелік, мәдени-ағартушылық жұмыстарды жүзеге асыруды ұйымдастырады, байқаулар мен фестивальдарды, халық шығармашылығы конкурстарын, көркемөнерпаз жетекшілерінің семинарларын дайындауды және өткізуді қамтамасыз етеді;

- Кәсіпорынның жоспарларын, бағдарламалары мен жобаларын жасау және жүзеге асыруға басшылық етеді;

- Қазақстан халқының мәдени құндылықтарын, тарихи-мәдени мұрасын насихаттау мен дәріптеуге бағытталған іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;

- Қазақстан Республикасының және шет елдердің мәдениет және өнер ұйымдарымен ынтымақтастықты қамтамасыз етеді;

- Кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз ету, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін дамыту, еңбек жағдайларын жасау, көтермелеу, шығармашылық бастамаларды ынталандыру, ұжымда жайлы психологиялық ахуалды қалыптастыру бойынша шараларды қолданады;

- Шарттарды жасайды және бұзады, мәмілелер жасайды, сенімхаттар береді, қажетті есептілікті ұсынуды қамтамасыз етеді, бұйрықтар шығарады, сотта, мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда ұйымның мүддесіне өкілдік етеді;

- Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі талаптарының орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді.

Жарияланған күні 19.03.2025ж.

Құжаттарды қабылдау мерзімі 20.03.2025ж.-03.04.2025ж.

Ұсынылатын  құжаттар:

1.Конкурсқа қатысу туралы өтініш

  1. Жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі

3.Кадрларды есепке алу жөніндегі толтырылған жеке парақ (нақты тұратын  мекенжайы мен байланыс телефоны көрсетілген)

4.Білімі туралы құжаттардық көшірмесі

5.Еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі

  1. «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2020 жылғы 30 қазандағы № ДСМ-175/2020 бұйрығымен бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.

7.Сыбайлас жемқорлық қылмыс жасағаны туралы мәліметтердің бар не жоғы екендігі туралы анықтама

Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін  арттыру, ғылыми дәрежелер мен  атақтар беру, ғылыми жариялымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнынан ұсынымдарды бере алады.

Құжаттар қолма-қол немесе почта арқылы: Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Көшекбаев көшесі 2, kurm-ok@mail.ru   мекен-жайы бойынша қабылданады (Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі).

Сұхбаттасу сұрақтары функционалды міндеттерге сәйкес құрылады.

Толық ақпаратты 8 71 233 2-00-97, 8 71 233 2-10-94 телефондары бойынша алуға болады.

Сұхбаттасу орны Атырау облысы , Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, С.Көшекбаев көшесі 2, «Атырау  облысы Құрманғазы ауданының  мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру  және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі

Тұрақты бос лауазымға конкурс жарияланады Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімі мемлекеттік мекемесінің «Байда ауылдық клубы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының меңгерушісі лауазымы, тұрақты 1 бірлік
Дата публикации
19 марта 2025