2025 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштері

2025 жылдың қаңтар айында аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 79 өтініш келіп түскен.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 9 өтінішке артып отыр. (2024 жылдың 1 айында -70 өтініш түскен).

Оның ішінде, арыздар-50, шағымдар-1, сұрау салу, үн қосу, хабарламалар-26, ұсыныстар -2.

          Аудан әкімі аппаратына-43, округ әкімі аппараттарына-24, дербес бөлімдерге-12 өтініш түсті.                             

Барлығы 60 өтініш қаралды. 2 өтініш құзіреті бойынша басқа мемлекеттік органға қарауға жіберілді. Оң шешілгені -17, заң талаптарына сәйкес түсінік берілгені -30, қараусыз қалдырылғаны– 2, орындалу үстінде – 23.

«е-Өтініш» ақпараттық жүйесі деректеріне сәйкес азаматтардың келесідей өзекті мәселелері анықталды:

Жер қатынастары-18; Тұрғын үй коммуналдық шаруашылық- 18; Жұмыспен қамту-1; Жеке қабылдау –129.

Соның ішінде, жер мәселесі бойынша-5, коммуналдық шаруашылық мәселесі-1, жұмыспен камту-1, тағы басқа мәселелер бойынша -10 өтініш оң шешілді.

2025 жылдың қаңтар айы бойынша аудан әкімімен, мемлекеттік органдардың басшыларымен 51 қабылдау ұйымдастырылып, 129 азамат жеке қабылданды. Қабылдаулар нәтижесінде 37 өтініш оң шешілді, 86 өтінішке заң талаптарына сай түсінік беріліп, қалған 6 өтініш қазіргі уақытта қаралуда.

Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысы

Ағымдағы жылдың қаңтар айында АҚО-на келген азаматтардың саны – 102. Оның ішінде: кеңес алғандар саны - 48,  МО басшыларының жеке қабылдаған азаматтарының саны- 54, АҚО-да тіркелген өтініштердің саны – 37.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz ресми сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.    

 

 

2025 жылғы қаңтар айындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалар өтініштері
Дата публикации
10 февраля 2025