Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының қызметіне жүргізілген сыбайлас жемқорлық тәуеклдеріне ішкі талдау қорытындылары бойынша талдамалық анықтама
25 желтоқсан 2024 жыл Құрманғазы ауданы
Құрманғазы ауданы әкімі аппараты басшысының 2024 жылғы 21 қарашадағы №180 бұйрығы негізінде 2024 жылдың 25 қараша - 25 желтоқсан аралығында Құрманғазы ауданы әкімі аппаратында 2024 жылдың 3 қаңтары мен 1 қарашасы аралығындағы қызметіне сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау (бұдан әрі-Талдау) жүргізілді.
Талдау келесі құрамдағы жұмыс тобымен жүргізілді.
|
К.Утешов
|
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау және ұйымдастыру бөлімінің басшысы. Жұмыс тобының жетекшісі;
|
|
М.Мустахишев Құрманғазы ауданы әкімі
|
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы;
|
|
Ж.Габбасова |
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының жалпы бөлімінің басшысы;
|
|
А.Тухтаров |
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқық қорғау органдарымен жұмыс және жұмылдыру дайындығы бөлімінің басшысы;
|
|
Р.Рахметова |
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының персоналды басқарудың бірыңғай қызметі (кадр қызметі) бөлімінің басшысы;
|
|
Е.Борангалиев |
Құрманғазы ауданы әкімінің кеңесшісі;
|
|
Н.Муханбеткалиев |
Құрманғазы ауданы әкімі аппаратының құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бас маманы. Жұмыс тобының хатшысы; |
|
|
|
Талдау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызметтер көрсету, рұқсат беру функцияларын іске асыру, бақылау-тексеру функцияларын іске асыру, бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлу, жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасасу, ақпараттық жүйелерді әзірлеу және пайдалану бағыттары бойынша жүргізілді. Нәтижесінде келесідей тәуекелдер анықталды.
1) Көп балалы аналарға арналған наградалар «Алтын алқа», «Күміс алқа» алқаларына ұсыну үшін «ҚР мемлекеттік наградалары туралы» ҚР заңының 3 бабына сәйкес, Қазақстан РК Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» өкімінде - награда қағаздарын: жұмыс істейтін аналарға жұмыс орны, жеке – дара еңбек ететіндер мен жұмыс істемейтін аналарға жергілікті атқарушы органдар толтырады және олардың қойған қолымен және мөрлерімен куәландырылады делінген. Көп балалы аналарға арналған «Алтын алқа», «Күміс алқа» наградаларына ұсыну үшін құжаттар қабылдануда, алайда аудан әкімдігіне қарасты ауылдық округтерден құжаттар ай сайын ұсынылуына байланысты, арнайы құжаттың тапсыру тәртібінің нақты мерзімі көрсетілмеген.
Ұсыным: Тәуекелді жою үшін Атырау облысы әкімі аппаратына, Қазақстан РК Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 өкімімен бекітілген ҚР-ның мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулығына құжаттардың нақты тапсыру мерзімін көрсету бойынша ұсыныс жолдау ұсынылады.
2) «Мемлекетті әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығына сәйкес мемлекеттік қызметке іріктеу жүргізіледі. Бұйрыққа сәйкес кандидат әңгімелесуге қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысуға құқылы делінген.
«Мемлекетті әкімшілік лауазымға орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл агенттігі Төрағасының 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығының 90 бабының екінші абзацындағы әңгімелесуге жіберілген кандидат қашықтықтан бейнебайланыс құралдары арқылы қатысқан кезде техникалық құралдарды қолдануы мүмкін (телефон, құлаққап, микрофон т.б.).
Ұсыным: Аталған тәуекелді жою үшін Атырау облысы әкімі аппаратына, қашықтықтан әңгімелесуге қатысуды алып тастау үшін ұсыныс жолдау ұсынылады.
Сыбайлас жемқорлыққа шалдыққан лауазымдар тізбесі жасақталды (қосымша жалғанды).
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижесінде 2 тәуекел анықталып, оларды жою үшін 2 ұсыным берілді.
Жұмыс тобының жетекшісі К.Утешов
Жұмыс тобының жетекшілері М.Мустахишев
Ж.Габбасова
А.Тухтаров
Г.Рахметова
Е.Борангалиев
Жұмыс тобының хатшысы Н.Муханбеткалиев
Келісілді:
Аппарат басшысының
міндетін атқарушы К.Утешов