Құрманғазы ауданының әкімдігінің
2023 жылғы 24 шілдедегі №209
«Кейбір коммуналдық мемлекеттік
мекемелерді кайта атау туралы»
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31, 37 баптарына, «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 26 бабына сәйкес, аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Көрсетілген қаулымен бекітілген Ереженің 2 тармағының 2) тармақшасына «Атырау облысы Құрманғазы ауданының отбасын қолдау орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі» деген сөздер толықтырылсын.
Көрсетілген қаулымен бекітілген Ереженің 15 тармағының 51) тармақшасына «Отбасын қолдау орталығының жұмысын үйлестіреді» деген сөздер толықтырылсын.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда бекітілсін.
Аудан әкімі А.Жангалиев