«Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы
«Қазақстан Республикасының Азаматтық Кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 42 бабына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабы, 37 бабының 8 тармағына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 18 бабына, Қазақстан РеспубликасыҮкіметінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі №590 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік орган туралы үлгілік ережеге, Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 31 қазандағы № 239 « Мемлекеттік мекемені қайта құру туралы» қаулысына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- «Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі қосымшаға сәйкес бекітілсін.
- Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №173 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2024 жылғы 20 наурыздағы №57 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2023 жылғы 27 маусымдағы «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысына өзгеріс енгізу туралы» қаулылары жойылсын.
- «Атырау облысы Құрманғазы ауданының мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы осы қаулыдан туындаған еңбек қатынастарын және мүліктерді қалыптастыратын шараларды қабылдасын, сондай-ақ мемлекеттік мекемені мемлекеттік тіркеуден өткізсін.
- Осы қаулының орындалуын бақылау «Атырау облысы Құрманғазы ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің басшысына жүктелсін.
- Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылдың 3 қантарынан бастап құқықтық қатынастарға қолданылады.
Аудан әкімі А.Жангалиев