Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауының қорытынды хабары
2024 жылғы 1 желтоқсандағы Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауы өтті.
Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 9) тармақшасына, 44, 113–10-баптарына сәйкес, Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауының қортындысы туралы учаскелік сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде сайлау нәтежелерін белгіледі:
Мақаш ауылдық сайлау округі бойынша сайлаушылар тізіміне 1560 азамат енгізілді, олардың ішінде дауыс бергендер саны - 930. Жарамсыз бюллетеньдер саны - 9, «Бәріне қарсымын» белгісін белгіленгендер саны - 4.
Әрбір кандидат үшін берілген дауыстар саны:
Б.Н Кадыровқа – 721
Ш.Қ Сахановқа – 78
А.С.Тунгатароваға– 118
Мақаш ауылдық округінің әкімі болып Кадыров Бауыржан Нурлыгалымович 1978 жылы туған, «Мақаш ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-нің әкімі, Атырау облысы Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны, өзін - өзі ұсынылған кандидат сайланды.