2024 жылғы қаңтар-қазан айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің
ХАБАРЛАМАСЫ
Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 10 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 794 өтініш тіркелген.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 129 өтінішке азайып отыр. (2023 жылдың 10 айында -923 өтініш түскен).
Оның ішінде, арыздар-401, шағымдар-12, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -381.
Соның ішінде, аудан әкімі аппаратына 417 өтініш түсті.
Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны 53 өтінішке артып отыр. (2023 жылдың 10 айында -364 өтініш түскен).
2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-22, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасынан-2, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінен-1, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан-1, аудандық прокуратурадан-5, «Аmanat» партиясынан-2, облыстық «Amanat» партиясынан-1 өтініш түсіп тіркелді. 24 өтініш қаралуда.
Ағымдағы жылдың 10 айында барлығы 750 өтініш қаралды.
Оң шешілгені-275. Соның ішінде, жер мәселесі бойынша-112, әлеуметтік мәселе-3, құрылыс мәселесі-3, коммуналдық шаруашылық мәселесі-9, жұмыспен камту-12, мәдениет және спорт, ономастика-14, ауылшаруашылығы -1, тағы басқа мәселелер бойынша -121 өтініш оң шешілді.
Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 10 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үймен қамту - 100, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 22, жер және жерді пайдалану – 212, коммуналдық шаруашылық-102, құрылыс-12, жұмыспен камту -39, ауыл шаруашылығы -3, кәсіпкерлік- 6, білім-3, мәдениет және спорт, ономастика-43, басқа да мәселелер- 264.
Есептік кезеңде барлығы 22 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен 95 азаматтың жеке қабылдауы ұйымдастырылды.
Қабылдау кезінде 89 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану, жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. 6 өтініш қанағаттандырылды.
Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.