Аудан әкімі
А.Жангалиевке
«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жер учаскесіне қауымдық сервитут белгілеу туралы» қаулы жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
|
№ |
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі |
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты |
|
1 |
Әзірлеуші мемлекеттік органның атауы |
Құрманғазы ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі |
|
2 |
Тиісті құқықтық актілерге, Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттардың нормаларына, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне, Президенттің, Президент Әкімшілігі, Үкімет және Үкімет Аппараты басшылығының хаттамалық және өзге де тапсырмаларына сілтеме жасай отырып, жобаны қабылдау үшін негіздемелер және/немесе оны қабылдау қажеттігінің басқа да негіздемелері. |
«Қазақстан Республикасының Жер кодексі» Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69, 118, 140 бабтарына «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес |
|
3 |
Жоба бойынша қаржы шығындарының қажеттігі және оның қаржылық қамтамасыз етілуі, оның ішінде қаржыландыру көзі, сондай-ақ қажет болған жағдайда Республикалық бюджет комиссиясының шешімі (тиісті есеп-қисаптар, қаржыландыру көзіне сілтеме, Республикалық бюджет комиссиясы шешімінің көшірмесі міндетті түрде түсіндірме жазбаға қоса беріледі). |
Жоба бойынша қаржы шығыны қажет етілмейді |
|
4 |
Жоба қабылданған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық, құқықтық және (немесе) өзге салдар, сондай-ақ жоба ережелерінің ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге ықпалы. |
жоқ |
|
5 |
Нақты мақсаттар мен күтілетін нәтижелердің мерзімдері |
«Магистральдық Суағызғысы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне «Астрахань-Маңғышлақ» магистралдық суағызғысының екінші желісінің 56-110 шақырым аралығынан көлемі 225,5788 га жер учаскесіне шектеулі нысаналы пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге қауымдық сервитут белгілейді. |
|
6 |
Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелері туралы мәліметтер |
Қолданыста жоқ |
|
7 |
Енгізілетін жоба қабылданған жағдайда заңнаманы оған сәйкес келтіру қажеттігі (басқа нормативтік құқықтық актілерді қабылдау немесе қолданыстағы актілерге өзгерістер және/немесе толықтырулар енгізу талап етілетін-етілмейтінін көрсету) не ондай қажеттіліктің болмауы |
жоқ |
|
8 |
Нормативтік құқытық актінің жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында, сондай-ақ ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру туралы ақпарат (күні, байт саны). |
Талап етілмейді |
|
9 |
Әлеуметтік маңызы бар нормативтік құқықтық актінің жобасына түсіндірме жазбаны уәкілетті мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында орналастыру туралы ақпарат. |
Талап етілмейді |
|
10 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне сәйкестігі |
Аталған қаулы жобасы Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға және Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық ұйымдардың шешімдеріне қайшы келмейді |
|
11 |
Нормативтік құқықтық акті жобасының қолданысқа енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығынының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптар нәтижелері |
жоқ |
Ауданның жер қатынастары,
сәулет және қала құрылыс
бөлімінің басшысының
міндетін атқарушы Б.Имангалиев