Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 20-бабының 12-тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 қарашадағы №43 және №44шешімдерімен Утеугалиев Мейрамбек Салимгалиевичтің Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшесі міндетін орындау және Жангалиева Анаргул Темиртасовнаның №167 учаскелік сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары міндетін орындау уақытша тоқтатылды.
Осы Конституциялық заңның 19-бабының 8 тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 8 қарашадағы №45 шешімімен Даллес Аллен Даллесұлы №167 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесі болып уақытша тағайындалды.