Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы
№67 – VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
Құрманғазы аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
- Құрманғазы аудандық мәслихатының 2023 жылғы 17 қазандағы №67-VIII «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5095-06 болып тіркелген) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
- Осы шешімнің орындалуын халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау, білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт және ішкі саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.
- Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.