Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

     

 

 Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының 113-5 бабы 9-тармағына сәйкес, 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Құрманғазы ауданының Мақаш ауылдық округінің әкіміне кандидаттарды тіркеді.

 

        Мақаш ауылдық округінің әкіміне кандидат болып:

 

  1. Кадыров Бауыржан Нурлыгалымович 1978 жылы  туған, Округ әкімі,

«Мақаш ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Жұмекен ауылының тұрғыны, өзін - өзі ұсыну тәртібімен, ұлты қазақ.

 

  1. Саханов Шафқат Қазимұлы 1994 жылы туған, бас маман, «Еңбекші

ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылының тұрғыны, өзін - өзі ұсыну тәртібімен, «AMANAT» партиясының мүшесі, ұлты қазақ.

 

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Дата публикации
06 ноября 2024