Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауын тағайындау туралы

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1) тармақшасы және                             2-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы                    ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. 2024 жылғы 1 желтоқсанға Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауы тағайындалсын.
  2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 1 желтоқсанға тағайындалған Құрманғазы ауданы Мақаш ауылдық округі әкімінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
  3. Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.

 

 

Құрманғазы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының төрағасы:                                         Б.Бралиев

 

Құрманғазы аудандық аумақтық

сайлау комиссиясының хатшысы:                                        Ж. Орынбасаров

 

 

 

 

 

 

 

 

Құрманғазы ауылы

№15

23 қазан 2024 жыл

Дата публикации
23 октября 2024