Құрманғазы ауданы әкімдігінің
2019 жылғы « » _________
№__ қаулысымен бекітілген қосымша
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
Ережесі
1-тарау. Жалпы ережелер
Егер «Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер,егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Құрманғазы ауданы бойынша біріңғай мемлекеттік ішкі саясатты, мәдениет және тілдерді дамыту салаларында мемлекеттік саясатын насихаттау.
1) қоғамдық – саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету бойынша мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, мемлекеттік егемендікті нығайту, қоғамдық үдерістерді демократияландыру және қоғамды біріктіру;
2) өңірде мемлекеттік басқару жергілікті органдармен мемлекеттік ішкі саясаттың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес Бөлімнің құзырына жататын мәселелері бойынша орындалуын жүзеге асыруды қамтамасыз ету;
3) мәдениет саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
4) ауданда мемлекеттің тіл саясатын жүзеге асыру;
5) заңдылықтармен өзіне жүктелген басқа да міндеттер.
17.Функциялары:
1) қоғамдағы демократиялық институттарды нығайтуға қатысу, Қазақстанның даму Стратегиясының, Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі басымдықтарын түсіндіру мен насихаттау;
2) ішкі саясат, қоғамдық – саяси саласының мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамаларын, мемлекеттік ішкі саясатты түсіндіру мен насихаттау жөніндегі бағдарламаларды әзірлеу және жүзеге асыру бойынша жұмысты үйлестіру;
3) ішкі саясат саласындағы концептуалды негіздер мен тәжірбиелі ұсыныстарды, сондай-ақ азаматтық ұқсастықты қалыптастыру, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімді басымдықтары негізінде ұсыныстарды өндіру;
4) өңірде болып жатқан қоғамдық – саяси процестер мен олардың даму барысын жан-жақты және обьективті зерделеу, қорытындылау және талдау;
5) мемлекеттік ақпараттық саясатты өңірлік деңгейде жүзеге асыру, жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары қызметінің мемлекеттік тапсырысты орындау, оны өткізу бойынша үйлестіру, бұқаралық ақпарат баспа және электронды құралдардың мониторингін жүзеге асыру;
6) өңірде қоғамдық-саяси жағдайды болжауға бағытталған әлеуметтану және саясаттану зерттеулерін жүргізу;
7) діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
8) ақпарат құралдары мониторингін жүргізу;
9) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздер туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңның орындалуы жөнінде жұмыстарды ұйымдастыру;
10) бос уақыт өткізу бірлестігі, жастар ұйымдарының жұмысын үйлестіру және өзара іс-әрекеттерді жүзеге асыру;
11) ауданда жастар саясатының жүзеге асырылуына бақылауды іске асыру;
12) саяси партиялар, ұлттық мәдени бірлестіктермен, діни және басқа да, қоғамдық ұйымдармен байланыстарды жүзеге асыру;
13) жергілікті үкіметтік емес ұйымдарға жыл сайын 31 наурызға дейін өз қызметі туралы, оның ішінде өз құрылтайшылары «Атырау облысы Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін (қатысушылары), мүлкінің құрамы, ақшаны қалыптастыру көздері мен жұмсау бағыттары туралы мәліметтерді ұсынбаған жағдайда әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтыруға құқылы;
14) Қазақстан Республикасының діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзғандығы бойынша заңды және жеке тұлғалардан түскен әкімшілік құқық бұзушылық туралы өтініштер мен құжаттарды қарап, қажетті шараларды алу;
15) сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жұмысты тиісті деңгейде жүргізу;
16) бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрацияларды ұйымдастыру мен өткізу саласының жұмыстарын үйлестіру;
17) аудандағы мәдениет үйлерінің, клубтардың, аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің жұмысын басқарады;
18) театр, музыка және кино өнері, кітапхана және мұражай ісі, мәдени демалыс қызмет саласында ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын құрады, сондай-ақ олардың қызметін қолдауды және үйлестіруді жүзеге асырады;
19) жергілікті маңызы бар тарих, материалдық және рухани мәдениет ескерткіштерін есепке алу, қорғау және пайдалану жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
20) ауданның сауықтық мәдени-бұқаралық іс-шараларын, сондай-ақ әуесқой шығармашылық бірлестіктер арасында байқаулар, фестивальдер, және конкурстар өткізуді жүзеге асырады;
21) ауданның мемлекеттік мәдениет ұйымдарын аттестаттаудан өткізеді;
22) ауданның мәдени мақсаттағы объектілерінің құрылысы, реконструкциясы және жөнделуі бойынша ұсыныс береді;
23) мемлекеттік мәдениет ұйымдарын қолдайды және материалдық-техникалық қамтамасыз етуде жәрдем көрсетеді;
24) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған аудандық деңгейдегі іс-шараларды жүргізеді;
25) облыстық, аудандық атқарушы органына ауылдардың, кенттердің, ауылдық округтердің атауы және олардың атауларын өзгерту, сондай-ақ олардың атауларының транскрипциясын өзгерту туралы ұсыныстар енгізеді;
26) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
1) бөлім құзыретіне жататын сұрақтар бойынша заңда белгіленген тәртіпке сай облыстық басқармалармен, жергілікті атқарушы органдармен, меншік түріне қарамастан ұйымдармен, мекемелермен өз құзыреті шегінде өзара байланыс жасау;
2) тиісті кәсіпорындар мен ауылдық округ әкімі аппараттарынан және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан ақпарат сұрату;
3) міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен заң бұзушылықтарды болдырмау мақсатында тиісті органдарға ұсыныс жасауға құқылы.
4) мемлекеттік органдардан, өзге де ұйымдардан және азаматтардан құзыретіне жатқызылған мәселелері жөніндегі қажетті ақпаратты сұратуға құқылы;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көрсетілген басқа да құқықтары бар.
3-тарау. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
1) бөлім мамандарының лауазымдық міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
2) заңнамаға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
3) заңнамада белгіленген тәртіппен көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселелерін шешеді;
4) бөлім атынан шарттар жасасады, шарттарға, бөлім бойынша алынатын бұйрықтарға қол қояды;
5) бөлім туралы Ережені дайындайды және оны бекітуге ұсынады;
6) аудан әкімдігінің қаулысымен бекітілген штат санының лимиті шегінде бөлімнің штаттық кестесін, сәйкесті жылға арналған қаржыландыру жоспарын бекітеді;
7) бөлім жұмысы туралы аудан әкімінің аппаратына және облыстық басқармаларға есеп береді;
8) мемлекеттік органдарда, басқа да ұйымдарда бөлімнің мүддесін білдіреді;
9) қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауының әрбір фактісі бойынша қызметкермен бірге тікелей жауапкершілігі қаралады;
10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылық әрекеттер анықталған кезде аудан әкімі аппаратына дереу хабарлайды;
11) заңнамаға сәйкес өзге де қызметтерді жүзеге асырады.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы болмаған кезеңде оның өкілетіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
«Атырау облысы Құрманғазы ауданының ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
6-тарау. Мемлекеттік органның өзара қатынастар
және жұмыс тәртібі.