2024 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

 

 

 

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 8 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 572 өтініш  тіркелген.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда өтініштер саны                             124 өтінішке азайып отыр. (2023 жылдың 8 айында -696 өтініш түскен).

Оның ішінде, арыздар-300, шағымдар-7, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -265.

Соның ішінде, аудан әкімі аппаратына 317 өтініш түсті.                              Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 29 өтінішке артып отыр. (2023 жылдың 8 айында -288 өтініш түскен).

2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-13, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасынан-2, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінен-1, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан-1, аудандық прокуратурадан-5, «Аmanat» партиясынан-1, облыстық «Amanat» партиясынан-1 өтініш түсіп тіркелді. 35 өтініш қаралуда.

Ағымдағы жылдың  8 айында барлығы 521 өтініш қаралды.

Оң шешілгені -188. Соның ішінде, жер мәселесі бойынша-85,                                        әлеуметтік мәселе-2, құрылыс мәселесі-11, коммуналдық шаруашылық мәселесі-3, жұмыспен камту-9, мәдениет және спорт-6, тағы басқа мәселелер бойынша -71 өтініш оң шешілді..

Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 8 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үймен қамту - 79, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 21, жер және жерді пайдалану – 153, коммуналдық шаруашылық-82, құрылыс-23, жұмыспен камту -34, ауыл шаруашылығы -3,  кәсіпкерлік- 6, білім-3, мәдениет және спорт-18, басқа да мәселелер- 150.

Есептік кезеңде барлығы 20 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                        83 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 78 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану,  жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. 5 өтініш қанағаттандырылды.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

2024 жылғы қаңтар-тамыз айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
20 сентября 2024