ЖОБА
Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес, Құрманғазы ауданы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
- Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.
Құрманғазы ауданы әкімдігінің кейбір күші жойылған қаулыларының тізбесі
- «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 13 ақпандағы №110 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2874 болып тіркелген);
- «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 9 қыркүйектегі №414 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2993 болып тіркелген);
- «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 мамырдағы №271 «Аудандық коммуналдық меншіктегі мүліктерді жекешелендіру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3224 болып тіркелген).