Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссияның хабары
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық Заңының 20-бабының 12 тармағы 4) тармақшасының екінші бөлігіне сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 23 тамыздағы №31 шешімімен Исатаева Даригул Суйндиковнаның №184 учаскелік сайлау комиссиясының хатшысы міндетін орындау тоқтатылды.
Осы Конституциялық Заңның 19 бабының 8-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 26 тамыздағы №32 шешімімен Галиева Гулжанат Гарифовна№184 учаскелік сайлау комиссиясының мүшесіне уақытша тағайындалды.