2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 7 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 476 өтініш  тіркелген.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 103 өтінішке азайып отыр. (2023 жылдың 7 айында -579 өтініш).

Оның ішінде, арыздар-267, шағымдар-6, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -203.

          Жеке тұлғалар-388, заңды тұлғалар- 82.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені–                                    280. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 31 өтінішке артып отыр. (2023 жылдың 7 айында -249 өтініш).

2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-13, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасынан-2, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінен-1, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан-1, аудандық прокуратурадан-4, «Аmanat» партиясынан-1 өтініш түсіп тіркелді. 11 өтініш қаралуда.

Ағымдағы жылдың  7 айында  қаралған өтініштердің барлығы – 458.

Оң шешілгені -155. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-78,                                        әлеуметтік мәселе-1, құрылыс мәселесі-7, коммуналдық шаруашылық мәселесі-3, жұмыспен камту-5, мәдениет-4, тағы басқа мәселелер-56.

Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 7 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 65, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 20, жер және жерді пайдалану – 140, коммуналдық шаруашылық-68, құрылыс-17, жұмыспен камту -28, ауыл шаруашылығы -2,  кәсіпкерлік- 6, білім-3, мәдениет-11, басқа да мәселелер- 116.

Есептік кезеңде барлығы 19 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                        80 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 75 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану,  жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. 5 өтініш қанағаттандырылды.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

 

 

 

 

 

 

2024 жылғы қаңтар-шілде айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
20 августа 2024