|
Құрманғазы ауданы Бірлік
және Дыңғызыл ауылдық
округтері әкімдерінің сайлауын
тағайындау туралы
|
|
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 113-1-бабының 1-тармағы 1), 2) тармақшалары және 2,3-тармақтарына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- 2024 жылғы 15 қыркүйекке Құрманғазы ауданы Бірлік және Дыңғызыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы тағайындалсын.
- Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2024 жылғы 15 қыркүйекке тағайындалған Құрманғазы ауданы Бірлік және Дыңғызыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспары бекітілсін.
- Осы қаулы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағаның орынбасары Г.Рахметуллина
Хатшы Ж. Орынбасаров
Құрманғазы ауылы
7 тамыз2024 жыл
№11