Құрманғазы ауданы Бірлік
және Дыңғызыл ауылдық округтері
әкімдерінің сайлауы бойынша сайлау
округтерін құру туралы
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының 14-бабы 6) тармақшасына, 21-бабының 4-тармағына, 22-бабының 2-тармағына сәйкес Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
- Құрманғазы ауданы ауылдық округ әкімдері сайлауы бойынша:
- Бірлік ауылдық округі шекарасында Бірлік ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Бірлік сайлау округі;
- Дыңғызыл ауылдық округі шекарасында Дыңғызыл ауылдық округінің әкімін сайлау бойынша Дыңғызыл сайлау округі құрылсын.
- Сайлау округтерінің тізіміолардың шекаралары мен аумақтық сайлау комиссиясының орналасқан жері көрсетіліп жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялансын және Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында орналастырылсын.
Төрағаның орынбасары Г.Рахметуллина
Хатшы Ж. Орынбасаров
Құрманғазы ауылы
7 тамыз 2024 жыл
№12