Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының 2024 жылғы 7 тамыздағы №11 қаулысымен Бірлік және Дыңғызыл ауылдық округтері әкімдерінің сайлауы 2024 жылдың 15 қыркүйекке тағайындалды.

Кандидаттарды ұсыну сайлау тағайындалғаннан күннен кейінгі күні 8 тамызда басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма бес күн қалғанда 20 тамыз күні жергілікті уақытпен сағат 18.00-де аяқталады.

Кандидаттарды тіркеу барлық қажетті құжаттарды алғаннан кейін басталады және сайлау өткізілетін күнге жиырма  күн қалғанда 25 тамыз күні жергілікті уақытпен  сағат 18.00-де аяқталады.

Сайлауалдындағы үгіт кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған кезден, яғни 25 тамыз күні сағат 18.00-де басталады  және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі 14 қыркүйекте жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады.

Бірлік және Дыңғызыл  ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын тағайындау туралы хабар аудандық аумақтық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-kurmangazy/  орналастырылды.

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

 

 

Құрманғазы аудандық аумақтық сайлау комиссиясының хабары
Дата публикации
07 августа 2024