2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ

 

2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің

ХАБАРЛАМАСЫ

 

Аудан бойынша «е-Өтініш» ақпараттық жүйесіне 2024 жылдың 6 айында жеке және заңды тұлғалардан барлығы – 412 өтініш  тіркелген.

Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 116 өтінішке азайып отыр. (2023 жылдың 6 айында -528 өтініш).

Оның ішінде, арыздар-223, шағымдар-5, басқалары (сұрау салулар, хабарламалар, ұсыныстар, үн қосулар) -184.

          Жеке тұлғалар-338, заңды тұлғалар- 69.

Осы өтініштер есебінде аудан әкімі аппаратына түскені–                                    239. Өткен жылғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда  өтініштер саны 27 өтінішке артып отыр. (2023 жылдың 6 айында -212 өтініш).

2024 жылдың есепті кезеңінде жоғары тұрған мемлекеттік органдардан: Облыс әкімі аппаратынан-13, Облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасынан – 2, Энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы басқармасынан-2, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің Атырау облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаментінен-1, Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасынан-1, аудандық прокуратурадан-4, «Аmanat» партиясынан-1 өтініш түсіп тіркелді. 10 өтініш қаралуда.

Ағымдағы жылдың  6 айында  қаралған өтініштердің барлығы – 397.

Оң шешілгені -125. (Соның ішінде, оң шешілгендер жер мәселесі-58,                                        әлеуметтік мәселе-1, құрылыс мәселесі-6, коммуналдық шаруашылық мәселесі-2, жұмыспен камту-5, мәдениет-4, тағы басқа мәселелер-49.

Жеке және заңды тұлғалардан ағымдағы жылдың 6 айында түскен өтініштердің мәселелері: тұрғын үй бөлу- 60, әлеуметтік көмек және зейнетақы – 13, жер және жерді пайдалану – 114, коммуналдық шаруашылық-60, құрылыс-13, жұмыспен камту -27, ауыл шаруашылығы -2,  кәсіпкерлік- 6, мәдениет-11, басқа да мәселелер- 106.

Есептік кезеңде барлығы 16 қабылдау өткізіліп, аудан әкімімен                        64 азаматтың  жеке қабылдауы ұйымдастырылды.

Қабылдау кезінде 60 азаматқа тұрғын үй, жер және жерді пайдалану,  жұмыспен қамту, коммуналдық-шаруашылық т.б мәселелер бойынша заң шеңберінде түсінік берілді. 4 өтініш қанағаттандырылды.

Ай сайын жеке және заңды тұлғалардың өтініштері жөнінде хабарлама atyrau.gov.kz сайтына және ауданның «Серпер» баспасөз бетіне жарияланады.  

 

 

 

 

 

 

2024 жылғы қаңтар-маусым айларындағы Құрманғазы ауданы бойынша жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштердің ХАБАРЛАМАСЫ
Дата публикации
25 июля 2024