«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша
талдамалық анықтама
Құрманғазы ауылы 2024 жыл 25 мамыр
Талданатын объект туралы мәлімет: «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Талдаудың негізі: «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 16 сәуірдегі №20 бұйрығы.
Талдауды жүргізу мерзімі: 2024 жыл 24 сәуір - 24 мамыр аралығы.
Талдауды жүргізу кезеңі: 2023 жылғы 11 тамыз - 24 сәуір аралығы.
Талдау бағыты:
1: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бап 6-тармағындаЕгер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның оны осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті орган айқындаған тәртіппен келісу комиссиясына жүгінуге құқылы» деп көрсетілген. Бұл түпкілігінде тапсырыс берушінің бастамашылық жасауына байланысты мүдделі екенін білдіреді.
Ұсыным: Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бап 6-тармағындаЕгер әлеуетті өнім беруші уәкілетті органның оны осы баптың 5-тармағының екінші бөлігінде көзделген, мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы шешімімен келіспеген жағдайда, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушылар тізіліміне енгізу туралы өзіне мәлім болған күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органға немесе сот органдарына жүгінуге құқылы» деп өзгертуге ұсыным етіледі. Бұл түпкілігінде тапсырыс берушінің бастамашылық жасауға мүдделі екеніне тосқауыл қойылады. Заң шығарушы органға ұсыным етіледі.
Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Сипаттама бөлігі:
1)Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Құрманғазы ауданы әкімінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджетінен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекіту туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімнің 1 бірлік штат саны лимиті қысқаруына байланысты бөлімнің штаттық саны - 6 бірлікті құрайды, оның нақты саны – 1-бөлім басшысы, 4- бас маман, 1- бас маман есепші.
Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар жоқ.
Талдау жүргізу барысында бөлімнің персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.
Бөлімде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.
Құрманғазы ауданның тұрғын үй, коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөліміне мемлекеттік көрсетілетін қызметтер, бөлім арқылы 6 мемлекеттік қызмет түрі көрсетіледі:
1)«Жолаушылар мен багажды автомобиль мен қалалық (ауылдық), қала маңындағы және ауданішілік тұрақты тасымалдау маршруттарын және қозғалыс кестелерін бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
2)«Ауданаралық (қалааралық облысішілік), ауданішілік, қалалық (ауылдық) және қала маңындағы қатынастарда әлеуметтік мәні бар қатынастар бойынша автомобильмен жолаушылар тасымалын жүзеге асырумен байланысты тасымалдаушылардың залалдарын субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет
3)"Облыстық және аудандық маңызы бар жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарына бөлінген белдеуде сыртқы (көрнекі) жарнама объектілерін орналастыруды келісу " қызмет
4)"Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру " қызмет
5)«Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйлерді жекешелендіру» қызметі
6) «Мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жолдаған тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың есепке алу және кезекке қою, сондай- ақ жергілікті атқарушы органдарың тұрғын үй беру туралы шешім қабылдауы» қызметі
4.Бақылау-тексеру функцияларын іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Бөлім бойынша бақылау-тексеру функциялары іске асырылмайды.
5.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
2023 жылға бекітілген жоспары –3381779,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде игерілігені 3318852,8 мың теңге, 98,1%.
2024 жылға бекітілген жоспары –4228539,0 мың теңгені құрайды, оның ішінде есепті мерзімге игерілігені -878588,0 мың теңге, 21 %.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 5- бабының 2-тармағына сәйкес, тапсырыс беруші тиісті бюджет немесе жеке қаржыландыру жоспары негізінде мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында айқындалған тәртіппен және нысанда мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлейді және бекітеді.
Жоспарланған бюджет қаражатын жұмсалу барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес мемлекеттік сатып алулар болмаған.
2023 жылы мемлекеттік сатып алулар бойынша 83 келісім шарт, 30 қосымша келісім шарт жасақталған. Мемлекеттік сатып алулар бойынша сумма- 2789444,1 теңгені құрайды.
2024 жылы есепті мерзімге мемлекеттік сатып алулар бойынша 25 келісім шарт, қосымша 5 келісім шарт жасақталған. Мемлекеттік сатып алулар бойынша сумма- 4433161,8 теңгені құрайды.
2023 жылы 31 өтініш қарауға түсіп, оның ішінде: заңды тұлғадан – 14, жеке тұлғадан – 17. 2024 жыл есепті мерзімге 9 өтініш қарауға түсіп - заңды тұлғадан – 6, жеке тұлғадан – 3. Өтініштердің мәні бойынша: мемлекеттік сатып алу бойынша, қайырымдылық концерт, көппәтерлі тұрғын үй сұрақтары, жол мәселелері бойынша өтініштер келіп түсті. Әкімшілік рәсімдік-процестік Кодексіне сәйкес өтініш берушілерге түсінік жұмыстары жүргізілді.
«Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – Құрманғазы ауданның тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060400, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округі, Құрманғазы ауылы, Смағұл Көшекбаев көшесі, 2.
Аудандық бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 23 ақпандағы №31 «Құрманғазы аудандық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» қаулысымен атауы өзгертіліп мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан қайта тіркелді. 2021 жылдың 3 наурыз күні және Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 25 мамырдағы №209 «Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй- коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» қаулысымен мекеменің ережесі бекітіліп, мемлекеттік мекемені ауданаралық Әділет басқармасынан 2022 жылдың 6 маусым күні қайта тіркелді.
8.Талдау объектісінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
Құжаттармен жұмыс кезінде «Кейбiр нұсқаулықтарды бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 31 қаңтардағы N 168 Қаулысы және «Электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесімен» жұмыс туралы Нұсқаулық басшылыққа алынады. Бөлімде сақталатын іс-құжаттарының толықтығы үнемі тексеріліп, бақылауға алынып отыр. Түскен құжаттар Бұлтты құжат айналым жүйесінде тіркеліп мерзімінде орындалуда. 2023 жылдың қорытынды бойынша бөлімнің тусіп тіркелген кіріс құжаттарының жалпы саны -1145. Тіркелген шығыс құжаттары-291. Келіп түскен және жөнелтілген құжаттардың есебі шығарылып аудан әкімі аппаратына және аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне (ай сайын, тоқсан сайын жартыжылдықтың және жылдың қорытындысымен) ұсынылады.
Атырау облысы Құрманғазы ауданның тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің істер номенклатурасы, ведомстволық архив және сараптау комиссиясы туралы ережелері Атырау облысы Мұрағаттар және құжаттама басқармасы жанындағы тұрақты жұмыс жасайтын Сараптау-тексеру комиссиясының 2021 жылғы 21 тамыздағы №8 хаттамасы бойынша келісілген.
Аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімінің индексі (бұрыңғы 08-08-01) 2021 жылы 10 қыркүйек №349-ө «Аудан әкімі аппаратының және аудан әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің жаңа индекстерін бекіту туралы» өкіммен 06-07-07 өзгерді.
Істер номенклатурасы Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2022 жылғы 11 шілдедегі №184 бұйрығымен бекітілген тізбені пайдалана отырып жаңартылып жасақталды.
Бөлімнің 2010-2015 ж құжаттары Атырау облысы мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының сараптау тексеру комиссиясының 2021 жылдың 27 қыркүйектегі №8 хаттамасымен келісіліп, Аудандық мұрағатқа тапсырылды. Бөлімнің 2016-2022 жылдың іс- құжаттары бөлімнің мұрағат бөлмесінде түптеліп, тігіліп сақталуда.
Мемлекеттік қызмет көрсету кезінде, қарау мерзімдерін бұзылған фактілер анықталған жоқ.
2023 жыл негізгі қызмет бойынша-71 бұйрығы қабылданған, жеке құрам бойынша-113 бұйрық: еңбек демалысын беру-8, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-75.
2024 жылғы есепті мерзімге негізгі қызмет бойынша-21 бұйрығы қабылданған, жеке құрам бойынша-32 бұйрық: еңбек демалысын беру-2, бөлімнің қызметкерлерінің іс-сапарға бару туралы-21.
Бұйрықтарды қабылдау барысында «Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының Бюджет Кодексі», «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған.
Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылдың 1 шілдеге дейінгі мерзімде тапсырған.
Бөлім бойынша 8 /71233/ 2-15-55 сенім телефоны жұмыс жасайды.
Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді. Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.
Бөлімнің басқарушылық-ұйымдастыру қызметінде жемқорлық құқық бұзушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ішкі жемқорлық қатерді анализдеу кезінде – айқындалмады.
Бөлімнің ұйымдастырушылық басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталып, ұсыным жасалды.
Бөлім басшысы Ш.Мусин
Бөлімнің сектор меңгерушісі Р. Сиражев
Бөлімнің бас маманы Б.Бактыбекова
Бөлімнің бас маманы С.Кажгалиева
Бөлімнің бас маманы В. Галиева
Бөлімнің бас маманы-есепшісі Д.Сапарова