«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

 

Құрманғазы ауданы                                                                   2024 жыл  сәуір

 

Бөлім бойынша Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін бөлім басшысы міндетін  атқарушысының бұйрығымен жұмысшы топ құрылды.

Сундетов Жаслан Андиржанович – бөлім басшысы, топ жетекшісі;

Нұғыманов Ренат Есркепұлы – Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Мұхитов Мұратбек Асқарұлы – Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Социал Темірлан Абайұлы  - Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің бас маманы, топ мүшесі;

Арманқызы Гүлжанар - Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің бас маман есепші, топ мүшесі.

 «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлықа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 7-8-баптарына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне  ішкі талдау жүргізудің  үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының  2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығы негізінде, сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау жүргізілді.

Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ішкі талдау мәні:

         «Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметі.

        Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу кезеңі:

2023 жылдың  25 мамырдан бастап 2024 жылдың  26 сәуір аралығы.

         Ақпараттық талдамалық бөлім.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылыс салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметін және Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі  нормативтік актілерді және облыс, аудан әкімінің  қаулыларын басшылыққа алып  жұмыс жасайды.

         1.Бөлім қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілері:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;  

- «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы                                        23 қарашадағы № 414-V;

- «Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы           6 сәуірдегі  Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                               23 қаңтардағы  Заңы;

-«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңы;  

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік - құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын төмендегідей сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталды:

«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңында:

 «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қалақұрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі №242 Заңында, аудан әкiмдiктерiнiң қарамағындағы аумақта жүзеге асырылатын сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi саласындағы құзыретi көрсетілген.

Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V  ҚРЗ Заңының 5 бабы 5 тармағының  1)тармақшасы бойынша мердігер мекемемен мемлекеттік сатып алу жұмысын жүргізген кезде мердігер мекемеге жалпы сомадан аванс ретінде 30% төленеді. Сол авансты алып алған соң, мердігер мекеме жұмысын бастап болмайды немесе мүлдем бастамайды. Сол себепті, бөлімнің қаржылық балансында дебиторлық берешек жиналып қалады.

Ұсыным: Авансты бірден төлемеу немесе мердігер тарапынан жұмысты бастап, жүріп жатқандағы туралы дәлелдеме құжаттары ұсынылған соң, белгілі бір мерзім өткен соң ғана төлем жүргізу мәселесін қарастыру қажет. Яғни, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 5 бабы 5 тармағының     1)тармақшасын «мемлекеттік сатып алуды жүзеге асуры үшін бөлінген, қосылған құн салығы есепке алынбаған соманың отыз пайызы мөлшерінде алдын ала төлемді (аванс) көрсетуге» алып тастау ұсынылады.

 

  1. Персоналды басқарумен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

2023 жылғы 31 мамырдағы №140 «Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2021 жылғы 29 желтоқсандағы №350 «Құрманғазы аудандық жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың штат санының лиметтерін бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысының 1 қосымшасына сәйкес бөлімдегі мемлекеттік қызметшілердің штаттық саны - 5 бірлікті құрайды. Бөлім басшысы, 3 бас маман және 1 бас маман-есепші.

  1. Мүдделер қақтығысына байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
  2. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау

         Бөлімде мемлекеттік қызметтер көрсетілмейді.

             4.Рұқсат беру функцияларын жүзеге асыру - бөлім бойынша рұқсат беру функциялары іске асырылмайды.

  1. Бақылау функцияларын іске асыру – бөлім бақылау функциясын іске асырмайды.
  2. Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелерді іске асыруға байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімге 2023 жылдың  25 мамырынан  бастап 2024 жылдың  26 сәуір  аралығында жеке және заңды тұлғалардан 15 арыз түсті. Ол зерделеніп,  уақытылы жауап берілді.

Бөлімде 2023 жылдың  25 мамырынан  бастап 2024 жылдың  26 сәуір  бойынша 169  бұйрық қабылданды. Бұйрықтарды қабылдау барысында Қазақстан Республикасының «Еңбек Кодексі», Қазақстан Республикасының «Бюджет Кодексі» «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының талаптары сақталған. 

          Бөлім қызметкерлеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ.

          Прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ.

 Бөлімге сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

  1. Қаржы –шаруашылық қызметпен байланысты сыбайлас жемқорплық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің 2023 жылға бекітілген жоспарына сәйкес 7 710 202, 00 мың. теңге қарастырылды, игерілгені  57,74 %, 2024 жылға бекітілген жоспар 9 698 560 мың.теңге, оның үш айда игерілгені 30,29 %,.

Қаражатты жұмсау барысында негізсіз артық көзделген немесе көрсеткіштермен сәйкес емес орналастырулар болмаған.

  1. Жасырын қызметтерді анықтау. Бөлімде жасырын қызметтер анықталған жоқ.
  2. Мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері – 2023 жылдың 25 мамырынан  бастап 2024 жылдың  26 сәуір  аралығы бойынша тексеру комиссиясы тексеру жүргізген жоқ.
  3. Ақпараттандыру жұмыстары. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерелейтін материалдар жарияланған жоқ.

         Бөлім аудан әкімдігінің дербес бөлімі болғандықтан азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер, әкімдік ғимаратының бірінші ғимаратында көрнекі орынға орналастырылған, бөлімде 2-14-34 сенім телефоны орнатылған. 

       Аудан бойынша «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» тақырыбында өткізілген кездесулер, дөңгелек үстелдер, семинарларға қатысып, бұқаралық ақпарат көздеріне мақалалар жарияланып келеді.

         Бөлімнің мемлекеттік қызметкерлері, жыл сайын жұбайлары мен өздерінің табыстары туралы мәлімдемелерін әр жылы мерзімде тапсырған.

          Бөлімнің ғимаратына сыбайлас жемқорлыққа «Мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін «Сыбайлас жемқорлық туралы қалай дұрыс хабарлау керек?», «Егер сізден пара талап ететін болса, төмендегідей әркет етіңіз» атты жадынамалар ілінді.   

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама нормалары сақталған.

         Мемлекеттік функцияларды орындаумен сыйыспайтын қызметті жүзеге асыратын тұлғалар анықталмады.

Жақын туыстарының, жұбайлары мен жекжаттарының бірлескен қызметі фактілері анықталмады.

Мүліктік және мүліктік емес игіліктер мен артықшылықтарды алу мақсатында ресми таратылуға жатпайтын қызметтік және өзге де ақпаратты пайдалану фактілері анықталмады.

Тұлғалардың пайдасына іс-әрекеттер ету үшін  материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе қызметтер қабылдау фактілері анықталмады.

Қазақстан Республикасынан тыс жерлерде орналасқан шетелдік банктерде шоттарды  ашу, иелену, қолма-қол ақша мен құндылықтарды сақтау фактілері анықталмады.

Бөлімде сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін тәуекелдер анықталған жоқ.

 

Бөлім басшысы                                                                          Ж.Сундетов

 

Бас маман                                                                                   Р.Нұғыманов

 

Бас маман                                                                                   М.Мұхитов

 

Бас маман                                                                                   Т.Социал

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Атырау облысы Құрманғазы ауданының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы
Дата публикации
18 июля 2024