Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2024 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама

 

 

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына  2024 жылдың

I  жартыжылдығына сыбайлас  жемқорлық  тәуекелдеріне  жүргізілген  ішкі талдаудың  нәтижелері туралы анықтама

 

         Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты мемлекеттік мекемесі Құрманғазы ауданы, Құрманғазы ауылы, Ш.Сәтеков көшесі, №7. 8(71233)2-04-34, факс 2-11-15. эл.пошта: ganuyshkino.akimat@mail.ru

 

  «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 8 бабының  5 тармағына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» №12 бұйрығына сәйкес, Құрманғазы ауылдық округ әкімі А.Р.Мусамен 2024 жылдың 16 сәуірдегі №75 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» өкімі бекітілді.

Аталған өкім  негізінде округ әкімі аппаратына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу округтің бас маманы Б.Тулегеноваға жүктелді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2024 жылдың маусым айының  10-14  күндері аралығында жүргізілді.

Талдау кезінде округ әкімі аппаратының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау, персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Округ әкімі аппараты өз қызметін жүзеге асыру кезінде келесі нормативтік құқықтық актілер қолданады:

  •   «Қазақстан Республикасының Конституциясы» 1995 жылы 30 тамыздағы;
  • «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы;
  • «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы        23  қарашадағы  Қазақстан Республикасының Заңы;
  • Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №153 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі»;
  • Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек Кодексі;
  • 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы;
  • Қазақстан Республикасының «Жер Кодексі» Қазақстан Республикасының  2003  жылғы  20 маусымдағы  Кодексі;
  • «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы           1  наурыздағы  Заңы;
  • «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;
  • «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі №151 Заңы және т.б.

         І. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық  қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша

        Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының ғимараттарында Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағымен №153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі баршаға көрнекі жерде ілінген.

Округ әкімі аппараттың қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша мүдделер қақтығысы орын алмады. Округ әкімі аппаратының қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларда бұзушылықтар анықталған жоқ.

        Құрманғазы ауылдық округ әкімінің аппаратында 2024 жылдың                                         I - жартыжылдығында  кадрлардың ауысуына және штат саны мен бос лауазымдарға талдау жүргізілді. Талдау нәтижесі бойынша округ әкімі аппаратында 10 штат бар. Күні бүгін мемлекеттік қызметшілердің нақты саны 10. Кадрлардың ауысымына, орналасуына талдау жүргізу кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Жыл сайынғы еңбек демалысына 2024 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен 7 мемлекеттік қызметші жіберілді. Округ әкімінің өкімімен бекітілген мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары келісілген.  Барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай. Есептi кезеңде жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың қызметкерлеріне қатысты заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ.

         ІІ. Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша 

         Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында есепті мерзім бойынша округ  әкімімен – 61 шешім  және –  113  өкім қабылданды. 

Аталған құқықтық актілерді талдау кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау немесе шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне талдау жүргізу нәтижесінде мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

ІІІ. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.

         Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратында жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қабылдап, тіркеп, есепке алып және қарау бойынша Заң талаптарының сақталуына тексеру жүргізіп, қадағалап отыру Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Ә.Т.Ғайнеденоваға жүктелген. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ.

2024 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы - 40 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке   тұлғалардан - 36, заңды тұлғалардан – 4. Қайта қаралған өтініштер  жоқ. Шағым түскен жоқ. Қаралған өтініш саны -40, қаралуда  өтініш жоқ.

 2024 жылғы I жартыжылдықтағы өтініштердің ішінде – 14 оң шешіліп, 19 өтінішке заң шеңберінде тиісті жауаптары берілді, 3 өтініш кері қайтарып алынды, басқа – 4 өтініш.

Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді.

Округте азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік көрнекі орынға орналастырылған. Мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

         ІV.Бюджет және қаржы қаражатын игеру және бөлуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

         Есепті мерзімде бюджеттің кіріс бөлігінің нақтыланған жоспары                          - 426 925,0(төрт жүз жиырма миллион тоғыз жүз жиырма бес мың)  теңгені құрайды, оның ішінде есепті мерзімге игерілгені – 415 952,0 (төрт жүз он бес миллион тоғыз жүз елу екі мың) теңге, 97,4 % пайызға орындалды.

         Бюджеттің шығыс бөлігінің нақтыланған жоспары – 427 217,0 (төрт жүз жиырма жеті миллион екі жүз он жеті мың) теңге, орындалғаны – 360 767,0 (үш жүз алпыс миллион жеті жүз алпыс жеті мың) теңге болып, 84,4 % пайызға игерілді.

Мемлекеттік сатып алудың тікелей шарт тұжырымы бір дере көздерден жүзеге асырылатын мемлекеттік сатып алудың көлемі бойынша ақпарат ұсыну бойынша: Жылдық жоспардың жалпы сомасы 297531060,33  теңгені құрады.

  • Оның ішінде ашық конкурс арқылы 84 626 786 теңгеге конкурс өткізілді. (Ауылішілік тазалық жұмыстары, жылу жүйелеріне  және электр желілеріне ағымдағы жөндеу жұмыстары т.б.)
  • Баға сұрату тәсілімен 110 756 024 теңгеге сатып алулар өткізілді. (Бұнда кеңсе тауарлары, автокөлік қосалқы бөлшектері, ағымдағы жөндеу жұмыстары,, су сорғы құрылғылары т.б.)
  • Бір көзден тікелей келісім шарт жасауға 18 955 120 теңге қаралды (көше жарығының төлемдері, баспасөзге жазылу, ауыз су қызметтері т.б.)
  1. Мемлекеттік қызмет көрсетуге байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

«Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер:  жергілікті өкілді органдардың шешімдері бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек тағайындау, "кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру", "жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру", сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап етпейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарды алу, "жер учаскесін жеке меншікке ақысын бірден төлеп не бөліп төлеу арқылы сату".

2024 жылдың I жартыжылдық қорытындысымен Құрманғазы ауылдық округі әкімі аппаратына  барлығы – 103 өтініш түсті. Оның ішінде: жеке тұлғалардан – 98, заңды тұлғалардан – 5. Түскен өтініштерге заң талаптарына сәйкес мерзімінде жауабы берілді. Зерттеу барысында сыбайлас жемқорлықты тудыратын фактілер анықталған жоқ,  алайда  "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет  көрсету кезінде келесідей келіспеушіліктер анықталды.

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш арқылы жүзеге асырылады. Бұл нысан, яғни 9-қосымша және онда жер учаскесін уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен ____ жыл мерзімге деп айқын қазақша мәтінінде көрсетілген.

       Тәжірибеде ХҚКО-нан түскен өтініштердің мәтіні өзгертіліп, яғни уақытша өтеулі деген сөздер сызылып, оның орнына тұрғын өз қолымен жеке меншікке деп өзгерткен күйде ұсынуда

     Сонымен қатар Жер Кодексінің 50-бабы «Жер учаскелерін беру нормалары»                            2 тармағына сәйкес: Өзіндік қосалқы шаруашылықты (үй маңындағы телім) жүргізу және жеке тұрғын үй салу үшін жер учаскелерін жеке меншікке тегін беру жер учаскелері игерілгеннен кейін жүргізіледі.  Жер учаскелерін көрсетілген мақсаттар үшін игеру кезеңіне беру осы Кодекстің 92-бабына сәйкес мұндай жер учаскелерін игерудің тараптары мен мерзімдері белгілене отырып, уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығында жүргізіледі делінген.

Алайда, 2024 жылдың 16 мамырдағы №06-07-05-03-1/1441 санды Құрманғазы ауданы әкімінің орынбасары М.Хасановтың хатына сәйкес  «Қазіргі уақытта Елді мекен шегінде жеке меншікке берілген тұрғын үй, басқада құрылыстар үшін жер учаскесін кеңейту (қосымша жер беру) туралы түскен өтініштерді қарау Жер Кодесінің 44-1 бабымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 санды бұйрығымен бекітілген 9-қосымшасы негізінде "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" мемлекеттік қызмет көрсету  қағидаларының талаптарына сәйкес  жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қызмет көрсету тәсілдері «Электрондық үкіметтің» веб-порталы және «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы жүргізіледі» делінген. Осы хатты негізге ала отырып, аталған уақыттан бастап «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы келетін "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" нысандағы өтініштер қабылдануда. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 санды бұйрығымен бекітілген 9-қосымшасы негізінде "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" нысанға өз-бетінше өзгеріс енгізілуде.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің                         2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысаны өзгертілместен қолдану немесе осы нысанға ресми өзгеріс енгізіп «жер учаскесін уақытша не жеке меншікке табысталу мүмкін» деген норма енгізу қажет.

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысаның қазақша мәтінінде «өтеусіз» деген соз жоқ, ал орыс текст аудармасында «безвозмездно» деген.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысанына ресми өзгеріс енгізу қажет.

  1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысаның орыс мәтінінде мерзім «год (лет)» деген соз жоқ, ал қазақ текст аудармасында «жыл» деген.

Ұсыным: Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген «Елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларының 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша "Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру" өтініш нысанына ресми өзгеріс енгізу қажет.

 

 

 

Құрманғазы ауылдық округ әкімі аппаратына 2024 жылдың I жартыжылдығына сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдаудың нәтижелері туралы анықтама
Дата публикации
15 июля 2024