«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округ кімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

 

«Атырау облысы Құрманғазы  ауданы Нұржау ауылдық  округәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша

 талдамалық анықтама

 

Нұржау ауылы                                                              2024 жыл  маусым

 

Кіріспе бөлім:

Талданатын объект туралы мәлімет: «Атырау облысы  Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.

Бөлімнің заңды мекен-жайы: индекс 060409, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау ауылдық округі, Нұржау ауылы, М.Әспембетов көшесі, 1.

 «Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Құрманғазы ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 6 қарашадағы №525 қаулысына сәйкес атқарады.

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі әкімінің аппараты) – Нұржау ауылдық округ әкімінің (бұдан әрі – әкім) қызметін қамтамасыз ететін және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының  мекеме болып табылады.

Талдаудың негізі: «Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі басшысының  2024 жылғы  15 мамырдағы  №70 өкімі.

Жұмыс тобының құрамы:

Мұғалім Мұрабек Рифхатұлы – мемлекеттік мекеме басшысы, топ жетекшісі;

Жұмыс тобының мүшелері:

Каламов Куаныш Адилбекович – әкім кеңесшісі;

Закарин Алкам Абатович;

Куттыгадамова Бакытжамал Умбетовна;

Мажиденова Жансая Мұхтарқызы - бас мамандар.

Талдауды жүргізу кезеңі: 2023 жыл 5 қаңтар – 2024  жыл 19 мамыр аралығы.

Талдауды жүргізу мерзімі: 2024 жылғы 20 мамыр -20 маусым аралығы.

Талдау бағыты:

  • Әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  • Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  1. Әкім аппаратының қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.
  2. Нотариус мұралық іс ашу үшін мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері жөнінде анықтама бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері:

Қазақстан Республикасының Азаматтық кодесінің 1043 бабына сәйкес, Нотариус мұралық іс ашу үшін  мұра қалдырушының соңғы тұрғылықты жері жөнінде анықтама сұратады. Ол анықтаманы тұрғындар жергілікті әкімшіліктен келіп алады.

Күні бүгінге дейін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында осы анықтамаларды берудің нақты регламенті айқындалмаған. 

Осы мәселе бойынша жеке тұлғалардан арыз шағымдар түскен жоқ.

Ұсыным: Осыған байланысты қайтыс болғанға дейінгі тұрғылықты мекенжайы туралы анықтама беруді мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына аталған қызметті қосу немесе заңға өзгеріс енгізіп, анықтаманы жүйеден алу ұсынылады.

2) Әкім аппаратының ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сипаттама бөлігі:

Персоналды басқару, соның ішінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне шалдыққан лауазымдардың тізбесін  анықтау.

       «Нұржау ауылдық округ әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 6, нақты жұмыс істейтіндер саны – 6, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 1, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар –1.

Талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылған тұлғалар жоқ.

Талдау жүргізу барысында әкім аппаратының кадр қызметімен байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

 

  1. Мүдделер қақтығысын реттеу.

Нұржау ауылдық округ әкімінің аппаратында мүдделер қақтығысы орын алған жоқ. Әкім аппаратының мемлекеттік қызметшілерден шағым түскен жоқ.

  

Жұмыс тобының жетекшісі:                                                    М.Мұғалім

 

Жұмыс тобының мүшелері:                     

К.Каламов

А.Закарин

Б.Куттыгадамова

Ж.Мажиденова

«Атырау облысы Құрманғазы ауданы Нұржау ауылдық округәкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау нәтижелері бойынша талдамалық анықтама
Дата публикации
12 июля 2024